АҚШ-тағы қазақстандық Pfizer вакцинасын салдырғаннан кейінгі жағдайын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
АҚШ-тағы қазақстандық Pfizer вакцинасын салдырғаннан кейінгі жағдайын айтты Вирусолог Юрий Ким. Фото: instagram.com/yuriy.kim_

Астаналық Юрий Ким - George Mason University докторанты. Бүгінде ол АҚШ-тың Вирджиния штатында тұрып жатыр. Вирусолог Tengrinews.kz тілшісіне елдегі вакцинация қалай жүріп жатқанын айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астаналық Юрий Ким - George Mason University докторанты. Бүгінде ол АҚШ-тың Вирджиния штатында тұрып жатыр. Вирусолог Tengrinews.kz тілшісіне елдегі вакцинация қалай жүріп жатқанын айтып берді.

Юрий Кимнің сөзінше, Вирджиния штатында коронавирусқа қарсы шаралар бойынша губернатор бұйрығы бар және мекемелердің жұмыс уақытына шектеулер қойылған. Белгілі бір жерде жиналуға болатын адамдар санына шектеу бар, қоғамдық көлікте және нысан ішінде маска тағу міндетті.

"Жалпы адамдар әлеуметтік қашықты жақсы сақтайды. Бір жыл ішінде мен маска тақпаған не оны дұрыс тақпаған адамды бірнеше рет қана көрген шығармын. Бірақ АҚШ-та құқықтық мәжбүрлеу жақсы жұмыс істейтінін атап өту керек шығар, сондықтан адамдар полициямен байланыспауға тырысады", - дейді вирусолог.

Вакцина салдыруға кезекке тұрған адамдар. Фэйрфакс графтығы. Фото: Юрий Ким 

Маманның сөзінше, бүгінде америкалықтарға Pfizer/BioNtech және Moderna компанияларының мРНҚ вакциналары салынып жатыр. Америкалықтарға вакцина тегін салынады.

"Вирджиния штатында вакцинаның бірінші дозасы 1,7 миллион адамға салынды. Ал мен тұратын Фэйрфакс графтығында 120 мыңнан аса адамға салынды", - дейді Юрий Ким.

Вирусолог вакцинация кезеңі қалай жүргізілетінін түсіндірді. Оның айтуынша, ең алдымен медицина қызметкерлеріне вакцина салынады.

"Жергілікті тұрғындар жасына, мамандығына және тәуекел факторларының болуына байланысты үш категорияға бөлінген. Ең алдымен медицина қызметкерлеріне вакцина салынады. Онлайн тіркелгеннен кейін адамдар вакцина салынатын жерге келіп, қағаз құжаттар толтырып, дозасын алады. Содан кейін 15 минуттай күту бөлмесінде отыра тұрады да, сосын жаппай вакцинациялау орнынан кетеді", - деп түсіндірді маман.

Юрий Кимнің сөзінше, жергілікті тұрғындар вакцинаны мейлінше тезірек алуға тырысады екен.

"Адамдар вакцинаны тезірек салдыруға тырысады, тіпті вакцинаны мерзімінен бұрын салдыру үшін түрлі айла-тәсіл жасайды. Бір досым госпитальде ерікті болды, артынша оны медицина қызметкері ретінде классификациялады. Осылайша оған медицина қызметкері ретінде вакцина салынды. Тағы бір досым, ол да ғалым, вакцинаны тезірек салдыру үшін әлі толық тестілеуден өтпеген вакцинаның клиникалық сынағына жазылды", -  дейді вирусолог.


Вакцина салдыруға кезекке тұрған адамдар. Фэйрфакс графтығы. Фото: Юрий Ким

Ғалымның өзі де жергілікті вакцинаны салдырған. Ол вакцина салдырғаннан кейін ағзасында қандай реакция болғанын айтып берді.

"Клиникалық сынақ кезінде маған алғаш коронавирусқа қарсы Johnson & Johnson вакцинасы салынды, ол кезде ештеңе сезген жоқпын. Өткен аптада Pfizer компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасының бірінші дозасын салдырдым. Ол кезде дельтатәрізді бұлшықет жақта ғана жайсыз сезім болды. Ал дене қызуы, әлсіздік және дененің ауырсынуы деген секілді белгілер әдетте вакцинаның екінші дозасын салдырғаннан кейін байқалады", - дейді маман.

Астанчанин-вирусолог в США ответил на главные вопросы о коронавирусе

Сонымен қатар, вирусолог вакцинацияға қатысты ойын бөлісті.

"Вакцина - жұқпалы аурулардың алдын алудағы ең тиімді құрал, олар түрлі қастандық теориясы мен жалған ақпаратқа қарамастан қауіпсіз. Ал жаппай вакцинация, яғни халықтың 80 пайызы вакцинациялау - пандемияны бақылауға алып, қалыпты өмірге оралуға және денсаулық сақтау жүйесіне жүктеме түсірмеуге ықпал етеді", - дейді вирусолог.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 23
Астана 16
Актау 19
Актобе 14
Атырау 17
Б
Балхаш 17
Ж
Жезказган 17
К
Караганда 16
Кокшетау 20
Костанай 19
Кызылорда 14
П
Павлодар 15
Петропавловск 15
С
Семей 19
Т
Талдыкорган 24
Тараз 22
Туркестан 15
У
Уральск 13
Усть-Каменогорск 26
Ш
Шымкент 16

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer