ҰБТ-дан 140 балл алған түлек қандай сұрақтар қиын болғанын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
ҰБТ-дан 140 балл алған түлек қандай сұрақтар қиын болғанын айтты Шиара Құдайбергенова

ҰБТ-дан 140 балл алған алматылық түлек Шиара Құдайбергенова қандай сұрақтардан қауіптенгенін айтты. Бұл туралы ол Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасына Skype арқылы байланысқа шығып, айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҰБТ-дан 140 балл алған алматылық түлек Шиара Құдайбергенова қандай сұрақтардан қауіптенгенін айтты. Бұл туралы ол Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасына Skype арқылы байланысқа шығып, айтып берді.

Шиараның айтуынша, ол ҰБТ тапсырып шыққаннан кейін 138 сұраққа берген жауабына сенімді болған. Ал екі сұрақтың жауабын дұрыс белгілегеніне күмәні болған. 

"Екі сұрақтың ішіндегі бірі - "1845 жылы болған оқиға" деді. Оның жауабы Бөкей ордасында хандық биліктің жойылуы болды. Екінші сұрақ - "Хандарды ретімен сәйкестендіріңіз". Сенімді болмасам да, дұрыс толтырыппын. 140 балл алғаныма өте қатты қуандым", - деген Шиара ҰБТ-ға дайындалуға көмектескен ұстазына тікелей эфирде алғыс айтты.

Бағдарлама атынан Шиара Құдайбергеноваға Астананың 20 жылдық тойына орай үш күндік жолдама сыйға тартылды. Осы жолдама арқылы түлек елордадағы барлық мәдени іс-шараға тегін кіре алады. 

Сондай-ақ, түлек Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбектен сыйға алған үш кітап жайлы айтты. Мұнымен қатар, оған Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов iPhone телефонын сыйға тартқан. 


Шиара Алматы әкімі Бауыржан Байбекпен. © almaty.gov.kz

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 23
Астана 17
Актау 22
Актобе 17
Атырау 22
Б
Балхаш 18
Ж
Жезказган 17
К
Караганда 13
Кокшетау 15
Костанай 20
Кызылорда 16
П
Павлодар 13
Петропавловск 15
С
Семей 21
Т
Талдыкорган 21
Тараз 21
Туркестан 19
У
Уральск 10
Усть-Каменогорск 24
Ш
Шымкент 22

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer