"Тапсырыс берушілердің 50 пайызы Қазақстаннан". Әкімдерді құттықтаған ірі денелі жігіттер кім?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Тапсырыс берушілердің 50 пайызы Қазақстаннан". Әкімдерді құттықтаған ірі денелі жігіттер кім?

Жақында Өскемен және Ақтөбе қалаларының әкімдерін жартылай жалаңаш африкалық жігіттер құттықтаған видео әлеуметтік желіні жаулап алды. Tengrinews.kz тілшісі "Привет из Африки" event агенттігінің негізін қалаушысымен сұхбаттасып, қазақстандық әкімдерді құттықтауға кім тапсырыс бергенін сұрады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жақында Өскемен және Ақтөбе қалаларының әкімдерін жартылай жалаңаш африкалық жігіттер құттықтаған видео әлеуметтік желіні жаулап алды. Tengrinews.kz тілшісі "Привет из Африки" event агенттігінің негізін қалаушысымен сұхбаттасып, қазақстандық әкімдерді құттықтауға кім тапсырыс бергенін сұрады.

Қара нәсілді жігіттердің басын қосып, табыс көзіне айналдырған қыздың есімі Рита, Ресей азаматшасы. Өзінің айтуынша, бірнеше жыл бұрын елден көшіп кеткен. Қазір саяхаттап, Африка елдерінің мәдениетімен танысып жүр.

Бизнес қарапайым құттықтаудан басталды

Ол бізге жеке бизнесін қалай бастағанын айтып берді. Ританың сөзінше, алғашқы тапсырыс шілде айында келіп түскен.

"Осы жазда ең жақын құрбыма не сыйласам деп басым қатты. Бұған дейін де түрлі тосынсый жасағаным бар, бірақ бұл жолы оны таңғалдыруым керек болды. Кейін африкалық ірі денелі жігіттерді тауып, солар арқылы бейнеқұттықтау жолдадым.

Видео дайын болғанда барлық достарыма тараттым. Оларға қатты ұнады, өйткені бұған дейін мұндай құттықтауды ешкім көрмесе керек. Сосын құрбымның реакциясын көруге асықтық. Ол да менің ізденісімді жоғары бағалады. Кейіннен құрбым видеоны өзінің Instagram-парақшасына жүктеді. Желі қолданушыларының қызығушылығы артты. Мен мұны бірден аңғардым. Жаңа бизнес өзі-ақ сұранып тұрғандай көрінді. Құттықтау құны - 21 мың теңге шамасында", - дейді ресейлік кәсіпкер. 

Қазір Ританың командасында африкалық жігіттерден бөлек, тағы да бірнеше адам бар.

"Бастапқыда барлық жұмыспен өзім айналысатынмын. Қазір менімен бірге 3 қыз жұмыс істейді. Ал шығармашылық топқа келетін болсақ, 3 әйелдер және 3 ерлер тобы бар. Олардың бәрі Африканың түрлі елінен іріктелді. Алдағы уақытта да санымыз арта бермек", - дейді ол.  

Әлеуметтік желіде тараған құттықтау видеосынан скриншот

"Клиенттердің тең жартысы Қазақстаннан"

Ританың айтуынша, кейінгі айда қазақстандықтар шетелдік құттықтау бизнесіне ерекше қызығушылық танытқан.

"Қазірдің өзінде Instagram желісінде жазылушылардың саны 45 мыңнан асады. Осы уақыт аралығында 1000-нан аса тапсырыс қабылдап үлгердік. Біз мұндай жетістікке небәрі 3 ай ішінде жетіп отырмыз. Алғашында аудиторияның 90 пайызы Ресей, қалғаны ТМД елдерінен тұратын. Қазір әкім құттықауларынан кейін тапсырыс берушілердің 50 пайызы Қазақстаннан, артық 50 пайызы Ресей мен ТМД елдері боп шықты", - дейді Рита.   

Сонымен қатар, ресейлік кәсіпкер әкімдерді құттықтау бойынша түсінік берді.

 "Мен сіздердің президенттеріңізді білемін, бірақ қала әкімдерін танымайды екенмін. Бізге тапсырыс түскенде олардың әлеуметтік статусын ешкім де білген жоқ. Тағы да қайталаймын, бұл кездейсоқ оқиға. Әкімді дәл осылай құттықтау кімге керек болғанын білмеймін, бірақ мен тек өз қызметімді атқарғандығымды айтқым келеді", - деп ақтарылды ол.   

"Олар бізге керемет тегін жарнама жасап берді"

"Егер бұл кісілердің Қазақстанның әкімдері екенін білсек, тапсырысты қабыл алмауымыз мүмкін де еді, десе де өткен іс өтті. Біздің құттықтау барлық жерде кең талқыланып, үлкен шу шығарды. Дәл сол күннен кейін біздің танымалдығымыз екі есе артты. Бір жағынан қазақстандық әкімдердің алдында қарыздармыз. Олар бізге керемет тегін жарнама жасап берді", - дейді Рита.

Ританың сөзінше, әкімдіктен ешкім байланысқа шықпаған.

"Бүгінге дейін мені ешкім мазалаған жоқ. Менің ойымша, жағдай бірқалыпты, бұл тек пабликтердің қолдан жасаған айғай-шуы", - дейді ұйымдастырушы.

Еске салайық, қыркүйектің басында африкалық жігіттер Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарды туған күнімен құттықтап, тақтайшаға "Ең үздік әкім" деп жазған еді. Бір апта бұрын Африка азаматтары Ақтөбе әкімі Асхат Шахаровты да өз стилінде құттықтаған еді. Алайда әкімдіктер бұл видеоға еш қатысы жоғын мәлімдеген. Ал қоғам мұндай құттықтауды екіұшты қабылдағанын айта кетейік. 

Материал авторы: Мұхтар Жәмішжанов

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 19
Астана 13
Актау 19
Актобе 13
Атырау 17
Б
Балхаш 19
Ж
Жезказган 14
К
Караганда 15
Кокшетау 19
Костанай 18
Кызылорда 11
П
Павлодар 14
Петропавловск 10
С
Семей 11
Т
Талдыкорган 20
Тараз 19
Туркестан 16
У
Уральск 6
Усть-Каменогорск 22
Ш
Шымкент 16

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer