Еден жуып жатып ән айтқан қыз желі қолданушыларын тәнті етті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Еден жуып жатып ән айтқан қыз желі қолданушыларын тәнті етті Ай-Керім Тілеубек © Tengrinews.kz

Instagram желісінде еден жуып жатып ән айтқан қыз интернет қолданушыларын тәнті етті. Tengrinews.kz тілшісі ерекше дауыс иесінің кім екенін анықтады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Instagram желісінде еден жуып жатып ән айтқан қыз интернет қолданушыларын тәнті етті. Tengrinews.kz тілшісі ерекше дауыс иесінің кім екенін анықтады. 

Видео кейіпкері қазақ эстрадасының жұлдызды жұбы Клара Төленбаева мен Медет Салықовтың қызы екен. Есімі - Ай-Керім Тілеубек. Биыл ол алтыншы сыныпқа көшкен. Медет Салықовтың айтуынша, бұл видео шамамен бір жұл бұрын түсірілген. Видеода Ай-Керім Ресей әншісі Полина Гагаринаның "Кукушка" әнін орындаған. Ал әлеуметтік желіге өзінің парақшасына салғаннан кейін тарап кеткен. 

"Мен бұл видеоны әдейі жасырын камера түрінде түсірдім. Жүрекпен айтып жатқаннан кейін түсіріп алдым. Себебі, қызым өзін тікелей түсірсем ұялып, ән айтпай қояды", - дейді Медет Салықов. 

Медеттің айтуынша, Ай-Керім өнерден алыс емес. Бұрыннан көптеген халықаралық байқауға қатысып, лауреат атанып жүрген. 


© instagram.com/aikerymmedetkyzy

"Жақында ғана Ақтөбеде "Бақытты бала" деген халықаралық байқау болды. Әлемнің 12 елінен келген балалар қатысты. Сол жерде гранп-при иегері атанып, бір миллион теңге ұтып алды", - дейді әнші. 

Желі қолданушыларының бірі "Не деген дауыс! Керемет!" деп таңғалып жатса, ендігі бірі "Жарайсың, әнін де айтты, еденін де жуып алды" деп әзілдеп пікір қалдырған екен.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген "Бақытты бала" халықаралық байқауының жеңімпазы атанған Ай-Керім Тілеубекті өзінің кезекті концертінде өнер көрсетуге шақырған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 30
Астана 24
Актау 24
Актобе 22
Атырау 25
Б
Балхаш 29
Ж
Жезказган 24
К
Караганда 22
Кокшетау 24
Костанай 29
Кызылорда 20
П
Павлодар 21
Петропавловск 21
С
Семей 29
Т
Талдыкорган 31
Тараз 33
Туркестан 26
У
Уральск 20
Усть-Каменогорск 32
Ш
Шымкент 24

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer