"Барған адам қайтпаған". Барсакелмес пен Бетпақдала атаулары қайдан шыққан?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Барған адам қайтпаған". Барсакелмес пен Бетпақдала атаулары қайдан шыққан? © pac.ru

Қазақстанда танымал, бірақ атауы неден пайда болғанын көбі біле бермейтін мекендер бар. Барсакелмес пен Бетпақдала мекендерінің атауына қатысты аңыздар көп. Тengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында осы мекендердің атауының шығу тарихы мен аңызын жинады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда танымал, бірақ атауы неден пайда болғанын көбі біле бермейтін мекендер бар. Барсакелмес пен Бетпақдала мекендерінің атауына қатысты аңыздар көп. Тengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында осы мекендердің атауының шығу тарихы мен аңызын жинады.

Барған адам неге қайтпайды?

Барсакелмес - Арал теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан түбек. Арал қаласынан 180 шақырым жерде жатыр. Климаты - өте құрғақ өңір. Барсакелместің тарихи атауы - Сужоқ. Себебі бұл маңдар тек жазық даладан тұрған.

Аралды 1848 жылы орыс географы Алексей Бутаков бастаған экспедициясы ашқан. Аралды игеру 1920-жылдары басталған.

Аңызға сенсек, бұл маңды Барсакелмес деп балықшылар атап кеткен. Көп балық аулауды жоспарлаған бір топ балықшы сол өлкеге барып, оралмаған деседі.


Барсакелмес. Фото advantour.com сайтынан

Барсакелмес аралының атауы жайлы жазбаларды орыс саяхатшысы Николай Рерихтың "Азия жүрегі" атты кітабынан кездестіруге болады. Кітапта аралдың солай аталуына бірнеше қазақ отбасының сонда барып, жоғалып кетуі түрткі болғаны жазылған.

Ел аузында жүрген аңыздар бойынша, Барсакелместе түрлі тылсым жайттар болады. Мысалы, мұнда уақыт басқаша өтетіні, адамды ғайып қылатын тұман бар екені айтылып жүр.

Кей пікірлер бойынша, Барсакелмес аралына барған адамның оралмауына тылсым күш емес, сол жақтың табиғаты себеп болады екен. Мысалы, аралда улы жылан, қарақұрт пен сарышаян көп кездеседі. Барған адамды солар шағып өлтіруі мүмкін деседі. Сондай-ақ сол маңдағы өзендердің ағысы қатты болып, оған жақындаған адамдар суға батады деген пікір бар.

Ешкім шегін таба алмайтын шөл

Бетпақдала - Қазақстанның орталық бөлігінде орналасқан шөлді өңір. 75 мың шаршы шақырымды алып жатқан өңір бірден үш облыстың аумағына кіреді - Қарағанды, Жамбыл және Түркістан. Шөлді өңір Сарысу мен Шу өзендерімен, Балқаш көлімен шектесіп жатыр.

Бетпақдала шөлінің атауына қатысты ел аузында түрлі аңыздар таралып жүр. Бір аңыз бойынша, өңірдің атауы қазақ-қалмақ шапқыншылығы кезінде пайда болған.


Бетпақдала. Фото el.kz сайтынан

Аңызға сүйенсек, сол заманда жоңғар әскері қазақ жерін жаулап алу үшін жолға шыққан екен. Бірнеше күн бойы сапар шеккен жоңғарлардың тамағы мен суы таусылып, бір маңда қос тігуді жөн көреді. Он мыңға жуық әскер сапарды жалғастыра берген. Бірақ бір айдан аса уақыт өткен соң сол он мың сарбаздың екеуі ғана оралған екен. Оларды күтіп отырғандар басында он мың сарбаз қазақ әскеріне тап болып, қырылып қалған болар деп ойлайды. Сонда аман келген екеуі: "Бізге ешқандай жасақ қарсы тұрмады, бірақ бір ен далаға түсіп, оның шегін таба алмадық. Сөйтіп, су мен тамақ таба алмай, бізден басқасының бәрі қаза болды" деген екен.

Сөйтіп, жоңғарлардың басшысы тағы бес жүз әскерін сол маңға қайта жіберіпті. Олар сол ен даланы тапқанымен, қырылып қалған он мың сарбаздың денесін таба алмаған - бәрін құм басып тастаған деседі. Содан жоңғар әскері "Өзі құм дала екен, бетпақ екен" деп, өлке "Бетпақдала" аталып кеткен.

Қазақта бетпақ сөзі "бет қаратпайтын" деген ұғымнан пайда болған деседі. Яғни, "Бетпақдаланың" жазы бет қаратпайтын ыстық, қысы бет қаратпайтын суық, табиғаты өмір сүруге қолайсыз мекен болғандықтан осылай аталған екен. Бетпақдалада жазда құрғап қалатын тұзды көлдер, құрғақ арналар кездеседі.

Оқи отырыңыз: 

Аты қандай, заты қандай: Баянауыл мен Алмасай атаулары қайдан шыққан?

"Өз өлімін дәл болжаған". Құлсары мен Баршатас атаулары қайдан шыққан?

Аты қандай, заты қандай: Жаңасаз бен Хантағы атаулары қайдан шыққан?

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 28
Астана 19
Актау 19
Актобе 15
Атырау 18
Б
Балхаш 18
Ж
Жезказган 19
К
Караганда 16
Кокшетау 19
Костанай 23
Кызылорда 18
П
Павлодар 17
Петропавловск 15
С
Семей 19
Т
Талдыкорган 26
Тараз 23
Туркестан 17
У
Уральск 14
Усть-Каменогорск 29
Ш
Шымкент 17

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer