Алматылық қыз ұялы телефонына таудан фантастикалық суреттер түсірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Алматылық қыз ұялы телефонына таудан фантастикалық суреттер түсірді Алматыға таудан көрініс. © Малика Макаримова

Алматылық Малика Макаримова өткен демалыс күндері тауға шығып, ұялы телефонына найзағайдың суретін түсірген. Өзі жасаған кадрлар жайлы ол Tengrinews.kz тілшісіне баяндап берді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық Малика Макаримова өткен демалыс күндері тауға шығып, ұялы телефонына найзағайдың суретін түсірген. Өзі жасаған кадрлар жайлы ол Tengrinews.kz тілшісіне баяндап берді.

Оның айтуынша, тауға бірінші рет шығыпты. 27 жастағы Малика Көк Жайлауға барып, бір топ досымен түнді ашық аспан астында өткізген екен.

"Бірінші рет шығып отырғандықтан табиғатымыздың сондай сұлу екеніне таңғалдым. Көк Жайлау өте әсем жер, ал түнде қаланы түгелдей көруге болады. Алақандағыдай. Бұл саяхатқа досым шақырған еді. Лашық құрып, тамақтанғанымыз сол еді, ауа райы күрт өзгерді. Қалада найзағай ойнады, біз шеттен бақылап тұрдық. Фантастикалық көрініс болды", - дейді ол.

Осыдан кейін қыз сасып қалмай, қолындағы iPhone-ға найзағай ойнаған сәттен әсерлі кадрлар жасай білген. 

"Сұмдық әсер алдық. Жарқ ете қалады да, найзағай ұрады. Мұндай керемет сурет түсіру үшін уақытын дәл табуың керек. Ертегідей кеш болды. Төбемізде ойнаған найзағай саяхатымызға әсерге толы атмосфера сыйлады", - дейді ол.

Сондай-ақ, Малика осындай саяхат ұйымдастырған достарына алғыс айтып, қалалықтарды тауға шығып тұруға шақырды.


Суреттер Малика Макаримовадан

Еске салайық, өткен сенбі күні Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауған еді. Синоптиктер атмосфералық фронттардың еліміздің оңтүстік-шығысына қарай ойысып, нәтижесінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын болжаған еді. Ал күндіз республиканың оңтүстік облыстарында ыстық болып, ауаның ең жоғары температурасы көбіне плюс 38-45 градусқа жеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 18
Астана 13
Актау 19
Актобе 13
Атырау 18
Б
Балхаш 21
Ж
Жезказган 15
К
Караганда 16
Кокшетау 23
Костанай 20
Кызылорда 12
П
Павлодар 15
Петропавловск 11
С
Семей 11
Т
Талдыкорган 22
Тараз 21
Туркестан 16
У
Уральск 8
Усть-Каменогорск 24
Ш
Шымкент 17

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer