Жанкүйері әнші Ернар Айдарды тікелей эфирде ыңғайсыз күйге қалдырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жанкүйері әнші Ернар Айдарды тікелей эфирде ыңғайсыз күйге қалдырды Ернар Айдар © instagram.com/ernaraidar_kz

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Фанатизм дерт пе?" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға қазақ эстрада жұлдыздарының фанаттары қонақ болды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Фанатизм дерт пе?" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға қазақ эстрада жұлдыздарының фанаттары қонақ болды.

Соның ішінде 26 жастағы Зарина есімді қыз Ернар Айдардың шынайы фанатымын деп келді. Эфир барысында Ернар Айдар Skype арқылы тікелей эфирге шықты. Фанатымын деп келген Зарина Ернар Айдарға өз сезімін білдірді.

Екінші әйел алуға қалай қарайсыз деп сұраған Заринаға Ернар Айдар абдырап қалып, артынша екінші әйел ешқашан алмайтынын айтып, жауап берді. Сөз соңында фанаты Зарина Ернар Айдарға арнап шығарған өлеңін оқып берді.

Сонымен қатар, бағдарламаға 12 жастағы Аружан келді. Оның Ninety one тобының фанаты болғанына анасы қарсылығын білдірді. Оны қызының Q-pop стиліндегілерді жақсы көріп, солардың өлеңін тығдағаны алаңдатады екен.

"Қызым қазақи қыз болып өссе екен деймін, мен тыйым салғаныммен үйден шыққаннан кейін олар соларға еліктеп кетеді", - деген анасының қызы Ninety one тобының өлеңін жатқа айтып жұртты таңғалдырды.

Сонымен қоса Димаш Құдайберген мен "Бастау" тобының фанаттары да қонақта болды.

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 29
Астана 24
Актау 23
Актобе 18
Атырау 20
Б
Балхаш 25
Ж
Жезказган 24
К
Караганда 21
Кокшетау 21
Костанай 29
Кызылорда 21
П
Павлодар 20
Петропавловск 19
С
Семей 26
Т
Талдыкорган 32
Тараз 30
Туркестан 21
У
Уральск 20
Усть-Каменогорск 31
Ш
Шымкент 22

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer