"Дәм-тұзым таусылмаған екен" - Айгүл Иманбаева апатқа ұшыраған ұшаққа билет алғысы келген

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Дәм-тұзым таусылмаған екен" - Айгүл Иманбаева апатқа ұшыраған ұшаққа билет алғысы келген © instagram.com/aigul_imanbayeva

Әнші Айгүл Иманбаева Instagram желісіндегі парақшасында бүгін Алматы маңында құлаған ұшақтың ішінде өнер адамдары да болғанын айтты. Сондай-ақ әнші осы ұшаққа билет алғысы келгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әнші Айгүл Иманбаева Instagram желісіндегі парақшасында бүгін Алматы маңында құлаған ұшақтың ішінде өнер адамдары да болғанын айтты. Сондай-ақ әнші осы ұшаққа билет алғысы келгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айгүл Иманбаеваның айтуынша, ол астанаға бүгін таңертең концертке ұшып барған. 

"Таңертең алты жарымда Scat-та, ал жетіде Bek Air-де билет тұрды. Түстен кейінгі рейстерге отырсам, концертке кешігетін болғандықтан таңертеңге алуым керек болды. Директорым "билетті сағат жетілерге алайық, кішкене болсын ұйықтап алыңыз" деді. Бір қарасақ Bek Air-ге билет қалмапты.

Сөйтіп, билетті Scat-тан алып, ұшып кеттім. Әуежайда өзімнің әріптестерімді көрдім. Бірі балет тобының көркемдік жетекшісі Еркін деген жігіт еді. Ол Bek Air-мен ұшып, кешке концертте кездесу керек болғанбыз. Сонымен қатар, белгілі әнші Ернар Айдардың директоры да Bek Air-мен ұшып бара жатқан. Бір сөзбен айтқанда - Құдай қақты", - дейді әнші. 

Айгүл Иманбаева Instagram желісіндегі парақшасында бүгін апатқа ұшыраған ұшаққа билет алмай, "Дәм-тұзым таусылмаған екен" дейді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

БІР АЛЛА ЖАР БОЛСЫН????????????????????????.АЖАЛ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ.БАРША АПАТҚА ҰШЫРАҒАН ЖАНДАРДЫҢ ТУҒАНДАРЫНА ҚАЙҒЫРЫП КӨҢІЛ АЙТАМЫН????????????.АЛЛА САБЫР БЕРСІН????.ІШІНДЕ БІЗДІҢ ӨНЕР АДАМДАРЫ ДА БАР????????????ЖАҢА АЭРОПОРТТА КЕЗДЕСІП ӘҢГІМЕЛЕСІП,БҰЙЫРТСА КЕШКЕ КОНЦЕРТТЕ КЕЗДЕСЕМІЗ ДЕП ҚОШТАСЫП КЕТІП ЕДІК????????????.БҮГІН АЛМАТЫДАН МЕНДЕ ҰШТЫМ АСТАНАҒА.БИЛЕТ ТАБА АЛМАЙ,ОСЫ БЕК ЭЙРГЕ ДЕ ҚАРАДЫМ,БИЛЕТ БОЛМАДЫ.КӨРЕТІН ДӘМ-ТҰЗЫМ БАР ЕКЕН????????????.ЕЛІМІЗ АМАН БОЛСЫНШЫ????БІР-БІРІМІЗГЕ ЖАҚСЫ ТІЛЕК ТІЛЕЙІКШІ????????????МЕН СІЗДЕРДІ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН ДОСТАР????????

Публикация от ???????????????????? ???????????????????????????????????????? (@aigul_imanbayeva)

Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын. 

Ұшақ апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланған. Кейін әлеуметтік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев әуе апаты салдарынан 15 адамның қаза болғанын айтқан. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 23
Астана 16
Актау 19
Актобе 14
Атырау 17
Б
Балхаш 17
Ж
Жезказган 17
К
Караганда 16
Кокшетау 20
Костанай 19
Кызылорда 14
П
Павлодар 15
Петропавловск 15
С
Семей 19
Т
Талдыкорган 24
Тараз 22
Туркестан 15
У
Уральск 13
Усть-Каменогорск 26
Ш
Шымкент 16

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer