Кейінгі кезде жасөспірімдер арасында қорқынышты статистика жиілеп кетті. Оның ішінде мектеп қабырғасында жүрген қыздардың ана атануы, зорлық-зомбылықтың құрбаны болуы секілді деректер бар. Денсаулық сақтау министрлігі Massaget.kz тілшісінің ресми сауалына жауап беріп, жасөспірімдер арасында кейінгі жылдары қанша жүктілік жағдайы тіркелгенін мәлімдеді.
- Былтыр қанша жасөспірім жүктілік бойынша медициналық мекемеге жүгінген?
Денсаулық сақтау министрлігі "Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК ақпаратына сәйкес, республика бойынша 2022 жылы 15-17 жасты қоса алғанда медициналық мекемеге жүгінген кәмелетке толмағандар арасындағы жүктілік көрсеткіші 1000 осы жастағы жасөспірімге шаққанда 6,0-ге тең (2021 жылы 6,9-ға тең болды) болған.
- Биыл қанша жасөспірім жүктілік бойынша медициналық мекемеге жүгінген?
2023 жылғы 1-тоқсанда 15-17 жасты қоса алғанда медициналық мекемеге жүгінген барлық кәмелетке толмаған жасөспірім арасындағы жүктілік көрсеткіші 1000 осы жастағы жасөспірімге шаққанда 1,5-ге тең (2022 жылы 1- тоқсанда 1,8-ге тең) болды. 2022 жылмен салыстырғанда, көрсеткіш 16,6 пайызға төмендегені байқалады.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы оқи аласыз.