Нұрлан Еспановтың жары ауыр дерті туралы айтып берді. "Жұлдыздың жары" жобасында - Жұлдыз Еспанова

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрлан Еспановтың жары ауыр дерті туралы айтып берді. "Жұлдыздың жары" жобасында - Жұлдыз Еспанова

Белгілі әнші, эстрада жұлдызы Нұрлан Еспановтың жары Жанар Еспанова "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Белгілі әнші, эстрада жұлдызы Нұрлан Еспановтың жары Жанар Еспанова "Жетінші арнадағы" "Жұлдыздың жары" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында қызғаныш сезімі, қандай дертке шалдыққаны, ене мен келін тақырыбы, балалары туралы әңгімеледі.

Бағдарлама қонағы қандай дертке шалдыққаны, сол кездегі жарының қолдауы туралы айтып, көзіне жас алды.

"Сүлікке барып, ем қабылдайын дедім. Сүлікке барғанда, қан ағады ғой. Негізі өзі тоқтайды, менікі тоқтамады. Өзім йод жағып, тоқтаттым. Ертесіне барғанда, сол жердің терапевті "қан тапсырып көр" деді. Анализ тапсырдым, нәтижелері көтеріліп кеткен екен. Ол дәрігерге жіберді. Тағы анализ тапсырып көріп едім, екі есе үлкен болып тұр екен. Дәрігер сол жерде диагнозымды айтты. Шок болдым. Диагнозым "хронический миелолейкоз" болды. "Ештеңе ауыстырып керек емес" деді. Химия ретінде дәрі іштім. Қазір, шүкір жақсы. Нұрланның арқасында депрессиядан шықтым", - деді ол қиын сәтті есіне алып.

Бағдарлама қонағы балалары туралы және Нұрланның әкелік сезімі жайлы да әңгімеледі.

"Қызымды он сегізде, ұлымды жиырма екіде босандым. Жас болғаннан кейін бе, сезімі онша оянған жоқ. Ол кезде қыз босандым ғой, ол кішкене "ұл болмады" деп өкпеледі. Әкелік сезімі кейін үшінші қызында оянды. Үшінші қызым - Мөлдір үш айында Алматыға көштік. Үйде өзіміз болған соң, көңіл аударып, ойыншық алып беріп, еркелететін", - деді ол.

Сондай-ақ, ол енесі алтын адам екенін айтып, ұлына қатысты да сөз қозғады.

"Кезінде ұлым Олжас бір ұйғыр қызбен жүрген. Мен "қарсылығым жоқ, әкеңнің алдынан өт" дедім. Әкесі "қазақтың қыздары тұрғанда" деп келіспеді. Қойды, амал жоқ. Ол қыз қазір тұрмысқа шығып кетіпті", - деді ол.

Айта кетейік, бағдарлама қонақтарының арасында әзілкеш Қанат Әлжаппаровтың, әнші Төреғали Төреәлінің, актер Рүстем Жаныамановтың және тағы басқа жұлдыздардың жұбайлары болады.

Бүгін сағат 10:00-де "Жетінші арнадан" "Жұлдыздың жары" шоуының екінші шығарылымы көрсетілген еді. Ал сағат 17.00-де TengriTV YouTube-арнасына жариялап отырмыз. Жазылуды ұмытпаңыз!

Әр сенбіде "Жұлдыздың жары" жобасын "Жетінші арнадан" сағат 10:00-де тамашалаңыздар.

Жұлдыз Абдукаримова - Қайрат Нұртастың әйелі. Ол 2017 жылы "Арман. Когда ангелы спят" фильміне түскен. 2020 жылы "Әлем ханымы - 2020" атағын жеңіп алды. Ал 2021 жылы "Сезін" кітабын шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 23
Астана 16
Актау 19
Актобе 14
Атырау 17
Б
Балхаш 17
Ж
Жезказган 17
К
Караганда 16
Кокшетау 20
Костанай 19
Кызылорда 14
П
Павлодар 15
Петропавловск 15
С
Семей 19
Т
Талдыкорган 24
Тараз 22
Туркестан 15
У
Уральск 13
Усть-Каменогорск 26
Ш
Шымкент 16

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer