"Мұрагер" деген ат қойғысы келді". Zhuldyz LIVE жобасында МузАрт Life

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Мұрагер" деген ат қойғысы келді". Zhuldyz LIVE жобасында МузАрт Life muzartlife_official Instagram-парақшасынан

"Жұлдыз" радиосындағы Zhuldyz LIVE жобасының кезекті шығарылымында МузАрт Life қонақта болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Жұлдыз" радиосындағы Zhuldyz LIVE жобасының кезекті шығарылымында МузАрт Life қонақта болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Zhuldyz LIVE жобасында қазақстандық белгілі өнер жұлдыздары әр апта сайын жанды дауыста ән айтып, сұхбат береді. Бұл жолы да МузАрт Life танымал әндерін шырқап, сонымен қатар, өзге топ мүшелері неге тарап кеткенін, жеке өмірлері туралы айтып, сұхбат берді.

Топ құрылғанда, төртеу болған, кейін екі әнші бөлініп кеткен.

"Жігіттердің өзінің таңдауы. Олар өздері жеке шыққысы келді. "Топта өзіміз жүре алмаймыз, жеке кетейік" деп шешті. Қарсы бола алмадық. Сұлтан да, Азиз де жеке кетті. Нұрхат екеуміз де "біз де кетейік пе?" деп ойладық. МузАрт Life әншейін нәрседен шыққан жоқ. Қаншама халықтың алдында жүк тұр. Артылған сенім бар. Жігіттерге кейін бір-екі ауыз айттық. "Жекпе-жекке" шығар кезде "Жігіттер, қайта қосылайық" дедік. Ұсыныс болды. Жігіттер "біз бастап қойдық. Реніш болмаса, жүре беріңдер" деді", - деп түсіндірді топ мүшесі Серікболсын.

Олар МузАрт Life деген атау қалай қойылғанын да әңгімелеп берді.

"МузАрт Life деген атауды көп таңдадық. Бізге "Мұрагер" деген ат қойғысы келді. Сәкен аға "Мұрагер болса, қалай болады?" деді. Ең соңында "МузАрт" деген атты алып, жобаның Life деген сөзін қосып шығарайық деген ой болды", - дейді топ мүшелері.

Сондай-ақ, Нұрхат студент кезіндегі қызық оқиғаларын бөлісті.

"Колледжде оқып жүргенде, сырттай жақсы көрдім. Ол қыз биші болатын. Сұлу еді. Бірақ колледжге 1-курсқа түскен едім. Шашымыз өсіп кеткен, арықтап, қап-қара, ауылдан келгенбіз. Сөйтіп жүргенде сырттай ғашық болып, сезімімді білдірейін дедім. Достарым қыздарымен туған күнге кетіп бара жатыр. Маған "ертіп шықсайшы" деді. Мен оған "туған күнге барып келейік" деп едім, ол "жоқ, мен сенімен бармаймын" деді", - деп күліп еске алды Нұрхат.

Айта кетейік, өткен шығарылымда Zhuldyz LIVE жобасында AYREE қонақта болған еді. 

Еске салайық, сүйікті әншілеріңіз жанды дауыста айтып, сұрақтарға жауап беретін жоба әр сәрсенбіде сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін өтеді. 

22 маусымдағы радиоконцертті TengriTV Youtube-арнасы мен zhuldyz.fm парақшасынан көре аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 23
Астана 16
Актау 19
Актобе 14
Атырау 17
Б
Балхаш 17
Ж
Жезказган 17
К
Караганда 16
Кокшетау 20
Костанай 19
Кызылорда 14
П
Павлодар 15
Петропавловск 15
С
Семей 19
Т
Талдыкорган 24
Тараз 22
Туркестан 15
У
Уральск 13
Усть-Каменогорск 26
Ш
Шымкент 16

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer