"Жүрек, ми, өкпе онкологиясы". Вейп шегу жасөспірімдер ағзасына қалай әсер етіп жатыр?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Жүрек, ми, өкпе онкологиясы". Вейп шегу жасөспірімдер ағзасына қалай әсер етіп жатыр? Фото: elements.envato.com

Жасөспірімдер арасында танымал вейп шегетін болсаңыз, денсаулығыңызға мұқият болуыңыз керек, өйткені вейпинг қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін екені шетелдік ғалымдар дәлелдеген. Massaget.kz тілшісі дәрігер-терапевт, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиологы Мадина Құдайбергеннен вейп шегу қаупі туралы және алғашқы белгілері қандай болатынын сұрады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жасөспірімдер арасында танымал вейп шегетін болсаңыз, денсаулығыңызға мұқият болуыңыз керек, өйткені вейпинг қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін екені шетелдік ғалымдар дәлелдеген. Massaget.kz тілшісі дәрігер-терапевт, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиологы Мадина Құдайбергеннен вейп шегу қаупі туралы және алғашқы белгілері қандай болатынын сұрады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Кардиологтың сөзінше, өндірушілердің темекі шегу сияқты жаман әдеттен құтылу үшін вейп көмектесетініне қатысты айтатын сөздері шындыққа жанаспайды. Себебі, вейптің зияны кәдімгі темекімен бірдей.

"Әдетте өнеркәсіп иелері 1 ай бойы вейп шегу адамды темекі шегуден толық құтылуға көмектеседі деп кеңес беріп, бұл құрылғыны темекіні тастау үшін ұсынып жатады. Бірақ мұның әсері басқаша. Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, вейптің тура темекі секілді зияны бар. Вейп жүрек, ми, өкпе және бауырға кері әсер етеді", - дейді дәрігер.

Вейп - темекі шегетін сұйықтықтарды буландыруға арналған электронды темекінің бір түрі. Вейп сұйықтықтарының құрамына 4 негізгі және бірнеше қосымша компонент кіреді. Олар: никотин, пропиленгликоль, глицерин, хош иістендіргіш, сукралоза, этилмальтол, салқындатқыш.

Маманның айтуынша, дәл осы компоненттер, оның ішінде никотин адам ағзасына айтарлықтай зиян тигізеді.

"Вейптің құрамында никотин және көптеген концерогенді улы зат бар. Вейп шеккен кезде ағзаға никотин түседі. Никотиннің миға жетуіне 7 секунд жеткілікті болғанымен, қанның құрамында 2 сағат бойы айналып жүреді. Осы 2 сағаттың ішінде ол жинақтаушы әсер беріп, никотин жинала береді, ал көп уақыт жиналған никотин ағза торының өзгеруіне алып келеді. Өз кезегінде тордың өзгеруі қатерлі ісік тудырады", - деп түсіндірді Мадина Құдайберген.

Сонымен қатар, адам ағзасында жиналған никотиннің шамадан тыс мөлшері тыныс алу ағзаларын бірқатар ауруға шалдықтырады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 32
Астана 26
Актау 25
Актобе 22
Атырау 23
Б
Балхаш 31
Ж
Жезказган 26
К
Караганда 22
Кокшетау 25
Костанай 31
Кызылорда 22
П
Павлодар 24
Петропавловск 22
С
Семей 30
Т
Талдыкорган 32
Тараз 34
Туркестан 26
У
Уральск 23
Усть-Каменогорск 34
Ш
Шымкент 24

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer