Халық жинаған қаражатты қайтарып беремін - Гауһар Әлімбекова

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Халық жинаған қаражатты қайтарып беремін - Гауһар Әлімбекова Гауһар Әлімбекова сот отырысынан кейін. © Tengrinews.kz

Екі ай бұрын алты жылға бас бостандығынан айырылған танымал әнші, композитор Гауһар Әлімбекова бүгін апелляциялық сот отырысында ақталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Екі ай бұрын алты жылға бас бостандығынан айырылған танымал әнші, композитор Гауһар Әлімбекова бүгін апелляциялық сот отырысында ақталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бірақ арызданушы Бақыт Назарованың пікірінше, апелляциялық сот әділетсіз шешім қабылдаған.

"Мен үшін бүгін соттың әділетсіз екені тағы бір дәлелденіп отыр. Себебі бірінші судья Қасымбеков өте әділетті шешім шығарған болатын (...). Шынымды айтсам, маған Әлімбекованың сотталғаны керек емес. Тіпті, оны ақтап шығарған кезде оған қуана қарадым. Мен тек залалымды қайтарғым келеді", - дейді Назарова.

Енді ол бұл істі осылай қалдырмай, басқа да соттарға арыз жазбақ.


Арызданушы Бақыт Назарова. © Tengrinews.kz

Ал Әлімбекова болса Назарованың айыбын орынсыз деп санайды. Себебі ол да өзінің жәбірленуші екенін айтты.

"Негізінде мен де жәбірленушімін. Бұған дейін айтпай келіп едім. Назарова бір үйден айырылса, мен үшеуінен айырылдым. Көп халық түсінбей жатыр. Егер жаман пиғылым болса, өзіме көрші қылып оған да үй алып беремін бе?", - дейді әнші.


Гауһар Әлімбекова сот залында. © Tengrinews.kz

Әлімбекова өзіне қолдау білдірген халыққа алғыс айтып, осы іс бойынша ел жинаған қаражат туралы сөз етті.

"Халықтан жиналған ақшаның бір тиынын да Назароваға бермеймін дегенмін. Себебі мен халық ақша жинасын деп сұраған емеспін. Абақтыда отырған кезімде халықтың маған ақша жинап жатқанын естіп, жылаған едім. Керісінше, мен халыққа ақша беруім керек шығар. Ақшаны кері қайтаруын сұрадым. Әрине, бұл жерде ақша жинаған әншілерді кінәлағым келіп тұрған жоқ. Олар маған тілектес болып, дұға етті. Істің мән-жайын білмей-ақ маған қолдау көрсетті. Халықтың ақшасын алмаймын, кім қанша берсе, сол қаржыны өздеріне қайтарып алуын сұраймын. Халықтан бір тиын алуға хақым жоқ", - деп Әлімбекова ағынан жарылды.

Енді әнші алдағы уақытта Алматыда қайырымдылық концертін өткізбек.


Гауһар Әлімбекова сот отырысынан кейін. © Tengrinews.kz

Гауһар Әлімбекова сотта ақталып шықты

Бұған дейін осы істің басты фигуранты Феруза Ордабаева өз кінәсін мойындап, Әлімбекованың қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан болатын. Ал Әлімбекова өзіне жала жабылғанын мәлім еткен.

Еске салайық, елімізге танымал әндердің авторы, әнші Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Көп ұзамай, әнші сот шешімі күшіне енгенше қолхатпен босатылған. Кейінірек әншінің адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын айтып берген еді. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін және таяу арада апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеген.

Айта кетейік, әншінің "Ақ келін", "Көктемге хат", "Жас келін", "Қыз сезімі", "Оралшы махаббат", "Ақмаралым" әндері жұртшылыққа кеңінен таралып, танымал болған. Оның әніне жазылған өлеңдерді танымал эстрада жұлдыздары орындаған

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 18
Астана 13
Актау 19
Актобе 13
Атырау 18
Б
Балхаш 21
Ж
Жезказган 15
К
Караганда 16
Кокшетау 23
Костанай 20
Кызылорда 12
П
Павлодар 15
Петропавловск 11
С
Семей 11
Т
Талдыкорган 22
Тараз 21
Туркестан 16
У
Уральск 8
Усть-Каменогорск 24
Ш
Шымкент 17

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer