"Тест - ем емес". Надыров "жай ғана сақтану үшін" тест тапсыратындарға үндеу жасады

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Тест - ем емес". Надыров "жай ғана сақтану үшін" тест тапсыратындарға үндеу жасады Фото: elements.envato.com

Коронавирусты анықтайтын тестіден "жай ғана сақтану үшін" өтетіндер көп. Бұлай жасаудың керегі жоқ. Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирусты анықтайтын тестіден "жай ғана сақтану үшін" өтетіндер көп. Бұлай жасаудың керегі жоқ. Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Камалжан Надыровтың айтуынша, қала тұрғындарының арасында коронавирусты анықтайтын лабораторияға "өздері үшін" тест тапсыруға келетіндер көп. Салдарынан қажетті адамдар ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр болады және коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдармен "жай тапсыруға" келгендер ұзақ уақыт бір жерде тұрады.

"Бүгінде көбі жай сақтық үшін коронавирусты анықтайтын тест тапсырғысы келеді. Өзі үшін. Инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары екенін ескеріп, жайдан-жай тест тапсырып көрудің керегі жоқ. Оның үстіне босқа келген адамдардың кесірінен ұзын-сонар кезек болады және салдарынан тест тапсыруға қажеттілігі бар адамдар тапсыра алмай қиналады. Тест - ем емес. Бірінші кезекте коронавирус жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болғандар, шұғыл шараларға байланысты қажеті барлар ғана тапсыруы керек. Біз тестті алғашқы кезекте кімдер тапсыруға мүдделі екенін тағы қарастырамыз және ұсыныс дайындаймыз", - деді Надыров.

Еске салайық, алматылықтар коронавирусты анықтайтын лабораториялардың алдындағы ұзын-сонар кезекке шағымданған болатын. Ол кезде бірнеше лаборатория істен шыққан еді. 

Кейін мамандар жұмысқа бару үшін тест тапсырудың керегі жоғын түсіндірді және коронавирусты анықтау үшін тестті коронавирус жұқтырып ауырып қалған науқастармен байланыста болғандар ғана тапсыру керек деп түсіндірді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 32
Астана 24
Актау 24
Актобе 20
Атырау 21
Б
Балхаш 27
Ж
Жезказган 24
К
Караганда 22
Кокшетау 24
Костанай 30
Кызылорда 22
П
Павлодар 22
Петропавловск 20
С
Семей 28
Т
Талдыкорган 32
Тараз 31
Туркестан 22
У
Уральск 20
Усть-Каменогорск 31
Ш
Шымкент 23

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer