Теңіз кен орнында 148 жұмысшы коронавирус жұқтырған

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Теңіз кен орнында 148 жұмысшы коронавирус жұқтырған

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында шамамен 148 жұмысшы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында шамамен 148 жұмысшы коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус өте тез тарайтын инфекция болып саналады. Жұмыс берушілер өте сақ болуы керек. Олар инфекцияның таралмауы үшін барлық жағдайды жасауы шарт. Теңіз кен орнында шамамен 148 адам коронавирус жұқтырған. Басым бөлігінде аурудың белгілері жоқ. Індет жұқтырған жұмысшылар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды", - деді Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазіргі таңда кен орнындағы жұмысшыларды коронавирусқа тексеру жүргізіліп жатыр. "Теңізшевройл" компаниясы мен Атырау облысы әкімдігі індеттің одан әрі таралмауы үшін тиісті іс-шаралар жоспарын дайынған. Олар тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр екен.

Осыған дейін Теңіз кен орнында ерекше режим енгізілгенін, 71 адам індет жұқтырғанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ, кен орнындағы жұмысшылар карантин шараларын жеңілдетуді сұраған.

Айта кетейік, елімізде 4298 адам коронавирус жұқтырған. 1299 науқас жазылған, 30 адам көз жұмды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 31
Астана 25
Актау 24
Актобе 21
Атырау 23
Б
Балхаш 30
Ж
Жезказган 25
К
Караганда 22
Кокшетау 24
Костанай 31
Кызылорда 22
П
Павлодар 25
Петропавловск 22
С
Семей 29
Т
Талдыкорган 32
Тараз 33
Туркестан 24
У
Уральск 22
Усть-Каменогорск 33
Ш
Шымкент 23

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer