"Стреске төзімді", "Тез тіл табысатын". Қазақстандықтардың түйіндеме толтырғанда жіберетін 5 қатесі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Стреске төзімді", "Тез тіл табысатын". Қазақстандықтардың түйіндеме толтырғанда жіберетін 5 қатесі © pixabay.com

Сауатты жазылған түйіндеме армандаған жұмысқа орналасудың алғышарты деуге болады. Алайда мамандар жұмыс іздеушілердің түйіндеме толтырғанда қажет емес мәліметтерді жазып, қателер жіберетінін айтады. Рекрутинг агенттігінің кеңесшісі Лаура Нусипова Tengrinews.kz тілшісіне түйіндеменің қаншалықты маңызды екенін және жұмыс іздеушілердің түйіндемені толтырудағы жиі жіберетін қателерін атап берді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сауатты жазылған түйіндеме армандаған жұмысқа орналасудың алғышарты деуге болады. Алайда мамандар жұмыс іздеушілердің түйіндеме толтырғанда қажет емес мәліметтерді жазып, қателер жіберетінін айтады. Рекрутинг агенттігінің кеңесшісі Лаура Нусипова Tengrinews.kz тілшісіне түйіндеменің қаншалықты маңызды екенін және жұмыс іздеушілердің түйіндемені толтырудағы жиі жіберетін қателерін атап берді.

Нусипова қазақстандық жұмыс іздеушілердің көбі түйіндемені дұрыс толтырмайтынын айтады. 

"Тәжірибеме сүйенсек, соңғы кезде келіп түсетін түйіндемелерде жұмыс берушіге қажетті нақты мәліметтер көрсетілмейді. Тек қай жерде туғанын, оқу орнын атап өтеді де, ең маңызды - еңбек өтілі жайлы жазбайды. Сондықтан басшылық ол түйіндемені қарастырмайды. Тағы бір қате - жұмыс іздеушілер оны ең қарапайым шаблонмен толтырады да, нәтижесінде толыққанда түйіндеме болмайды. Шаблонмен жазылған түйіндемелерде жалпы мәлімет көп болады, ал ол жұмыс берушіге қажет емес. Бұдан бөлек, грамматикалық қателерді айтпай кету мүмкін емес. Бұрынғы жұмыс орнының, компания атауларын қате жазатындар көп. Оған ешкім аса мән бермейді деп ойлағандықтан болар, мұндай қатені күнделікті көреміз. Басшылық мұның барлығын ескереді", - дейді рекрутинг агенттігінің кеңесшісі.


© Pixabay.com

Маманның айтуынша, қазақстандықтардың түйіндеме толтырғанда жіберетін тағы бір қатесі - өзінің мінез-құлқын сипаттап, сол арқылы жұмыс берушіге ұнаймын деп ойлайтыны.

"Қазақстандықтар түйіндеме толтырған кезде кәсіби дағдылардың орнына өзінің мінез-құлқын жазып кетеді. Басшылық үшін бірінші кезекте жұмыс іздеушінің еңбек өтілі маңызды болса, екінші кезекте оның кәсіби дағдылары маңызды. "Стреске төзімді", "Тез тіл табысатын", "Ұқыпты" деген сөздерден ешқандай өзгеріс болмайды. Оның орнына жұмыс орнындағы жетістіктер мен қолдан келетін кәсіби дағдыларды көрсеткен жөн", - дейді Нусипова. 

Бұдан бөлек, маман түйіндемеге дұрыс емес форматтағы суреттерді қоятынын айтады.

"Суреті көрсетілген түйіндеменің әлдеқайда тиімдірек екені сөзсіз. Отбасы мұрағатынан алынған немесе демалыстан түсірілген селфи суреттер түйіндемелерде көп кездеседі. Сондықтан жұмыс іздеушілерге бейтарап фото қоюға кеңес беремін", - дейді маман.

Осы ретте Нусипова кей кезде жұмыс берушілердің кандидаттың әлеуметтік желідегі парақшаларын тексеретінін айтады. Басшылық жұмыс іздеушінің әлеуметтік желідегі портретін де ескереді екен.

Оқи отырыңыз:

Грантқа іліге алмаған түлектер қай салада жұмысқа орналаса алады?

Жұмысты қашан және қалай іздеген тиімді?

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 25
Астана 21
Актау 22
Актобе 19
Атырау 24
Б
Балхаш 26
Ж
Жезказган 20
К
Караганда 20
Кокшетау 23
Костанай 24
Кызылорда 16
П
Павлодар 19
Петропавловск 18
С
Семей 20
Т
Талдыкорган 27
Тараз 28
Туркестан 23
У
Уральск 13
Усть-Каменогорск 28
Ш
Шымкент 24

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer