Ішкі істер министрі Халық Қаһарманының ерлігін еске алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ішкі істер министрі Халық Қаһарманының ерлігін еске алды Фото: mygorod.kz

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігін еске алды, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі. Министр бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігін еске алды, - деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі. Министр бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазды. 

"Бүгін өз заманының қабағын баққан қабырғалы азамат, сүйемдей жері үшін, елі үшін сүйегін қалдырған, тегеурінді мінезімен, көзсіз ерлігімен талайға үлгі болған - Халық қаhарманы Ғазиз Байтасовтың арамыздан кеткеніне тура 10 жыл толды.

Жараны уақыт емдейді. Бірақ кәсіби қызметкер, ардақты әке, сенімді әріптес, елінің есіл ері - Ғазиздай азаматтың орны ойсырап тұратыны сөзсіз.

Ішкі істер органдарындағы әріптестері батырдың жанқиярлық ерлігін ешқашан ұмытпайды. Оның биік азаматтық болмысын, үлкен патриоттық сезімін, Отан алдындағы борышына деген адалдығын үлгі тұту үшін бүгін аймақтағы барлық полиция бөлімшелерінде Ғазиз Байтасовты еске алу шаралары ұйымдастырылды. Ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды. Оқушылар мен студенттер үшін ішкі істер департаменттеріндегі мұражай есігі ашылып, бейбіт заманда қандықол қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан қайсар қызметкерлер туралы естеліктер айтылды.

Тәуелсіздік алғалы 800-ден астам қызметкер жұмыс бабында қаза тауып, 3 мыңға жуық полицей түрлі жарақат алды.

Қауіптің бел ортасында жүретін полицейлердің жұмысы оңай емес. Олар қоғам тыныштығын күзетіп қана қоймай, қиындыққа тап болған қаншама жанды ажалдан арашалап, өмірлерін құтқарып қалады. Олар өзгелердің өмір сүруі үшін өздерінің өмірлерін тәуекелге тіккендер.

Еліміз ержүрек батырларын әрдайым құрмет тұтады. Олардың ерлік істері кейінгі ізбасарларына қашанда үлгі", - деп жазды министр.

Еске салайық, полицей Ғазиз Байтасов 2011 жылы 12 қарашада Таразда лаңкесті ұстау кезінде қаза тапқан. Ол кезде жасы 40-та болатын. Кейін оған Халық Қаһарманы атағы беріліп, Таразда ескерткіш орнатылған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 27
Астана 21
Актау 23
Актобе 17
Атырау 17
Б
Балхаш 21
Ж
Жезказган 22
К
Караганда 19
Кокшетау 22
Костанай 27
Кызылорда 19
П
Павлодар 19
Петропавловск 18
С
Семей 24
Т
Талдыкорган 30
Тараз 28
Туркестан 19
У
Уральск 18
Усть-Каменогорск 30
Ш
Шымкент 20

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer