"Сәтсіз әзіл". Аудан әкімі лауазымын сатып алмақ болған шенеунік қызметінен босатылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Сәтсіз әзіл". Аудан әкімі лауазымын сатып алмақ болған шенеунік қызметінен босатылды Мейіржан Сүлейменов. КТК телеарнасы кадрынан үзінді

Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменовтің ісі Жамбыл облыстық Әдеп жөніндегі Кеңес отырысында қаралды. Ол жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы сөйлесіп, аудан әкімі лауазымын сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменовтің ісі Жамбыл облыстық Әдеп жөніндегі Кеңес отырысында қаралды. Ол жергілікті кәсіпкерлердің бірімен телефон арқылы сөйлесіп, аудан әкімі лауазымын сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мейіржан Сүлейменов болса, бұл жай ғана достар арасындағы әңгіме барысындағы әзіл екенін айтқан.

"Енді телефонмен кім не айтпайды? Сондай әңгіме болған шығар. Иә, Алматыға ауысамын деген жоспар болған. Бірақ ол жерде жолдастармен салмақты әңгіме болған емес. "Сатып аламын, осыншама ақша беремін" деген. Ойнап, достармен бір жерде айтқан шығармын", - дейді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Сүлейменов әдеп кеңесінде. 

Әдеп жөніндегі Кеңес шенеуніктің лауазымын төмендетуді ұсынды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Мейіржан Сүлейменов атқарып отырған қызметінен босатылды.

Айта кетейік, осыған дейін КТК телеарнасы Жамбыл облысында әкім лауазымын сатып алғысы келген шенеуніктің басы дауға қалғаны туралы жазды. Меркі ауданы әкімнің орынбасары Мейіржан Сүлейменов өзінің басшысының жайлы орнын иеленуге 50 мың доллар бермек болыпты. Басшы болудан дәмелі шенеуніктің телефонмен сөздері ұлттық бюроның қолына тиген.

"Рустамбеков айтады, сенің мәселең шешіліп жатыр, солай-солай деп. Бұл кісі жауап береді. Сұрайды. Тағайындалған кезде 200 мың доллар болмай ма, үстеме сұрамайма, азар болса 50 мың шығар бере алатыным, кейін оны қайдан шығарып аламын деген сияқты әңгімелер. Сондай бірнеше әңгіме. Шөленбаев Бақытқан деген кісімен. Нақты тағайындалу бойынша. Аудан әкіміне", - дейді Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Қайрат Дүнбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 31
Астана 25
Актау 24
Актобе 19
Атырау 26
Б
Балхаш 24
Ж
Жезказган 27
К
Караганда 19
Кокшетау 21
Костанай 28
Кызылорда 24
П
Павлодар 21
Петропавловск 23
С
Семей 34
Т
Талдыкорган 33
Тараз 31
Туркестан 25
У
Уральск 22
Усть-Каменогорск 32
Ш
Шымкент 27

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer