Қазақстандықтардың түйіндеме толтырғанда жиі жіберетін қателіктері

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қазақстандықтардың түйіндеме толтырғанда жиі жіберетін қателіктері © pexels.com

Жұмыс берушіге ең қажетті мәліметі сауатты жазылған түйіндеме армандаған жұмысқа орналасудың алғышарты. Алайда жұмыс іздеу барысында "түйіндемеге аса мән берілмейді, жұмысқа орналасуды көбіне басқа факторлар шешеді" деп ойлайтындар аз емес. Осы ретте HeadHunter компаниясының PR және маркетинг маманы Әсел Нұрқасымқызы Tengrinews.kz тілшісіне түйіндеменің қаншалықты маңызды екенін және жұмыс іздеушілердің түйіндемені толтырудағы жиі жіберетін қателіктерін атап берді. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жұмыс берушіге ең қажетті мәліметі сауатты жазылған түйіндеме армандаған жұмысқа орналасудың алғышарты. Алайда жұмыс іздеу барысында "түйіндемеге аса мән берілмейді, жұмысқа орналасуды көбіне басқа факторлар шешеді" деп ойлайтындар аз емес. Осы ретте HeadHunter компаниясының PR және маркетинг маманы Әсел Нұрқасымқызы Tengrinews.kz тілшісіне түйіндеменің қаншалықты маңызды екенін және жұмыс іздеушілердің түйіндемені толтырудағы жиі жіберетін қателіктерін атап берді. 

- Грамматикалық қателер жіберу және жаңылыс жазу;

- Байланыс мәліметтерін қате жазу (байланыс телефоны, электрондық пошта адресі);

-  Дайын үлгідегі түйіндемені толтыру;

- Мәнсіз, саралаусыз түйіндеме толтыру, яғни не өте қысқа, не өте ұзын, бірақ ішіндегі мәліметтің жұмыс берушіге пайдасы жоқ;

- Өзінің жаңадан оқыған курстары болса немесе кәсіби дағдылары болса ол мәліметті түйіндемеге еңгізбеу;

- Мерзімдерді енгізбеу, яғни бұрынғы жұмысының мерзімін еңгізбеу;


© pexels.com

- Түйіндемені әр түрлі форматта толтыру;

-  Жалған мәлімет беру;

- Суретті дұрыс қолданбау, әсіресе жастардын арасында көбінесе кездесетін жағдай - snapchat фильтірлерін қолдану, топтық суретті ұсыну, опа-далапты шектеусіз қолдану және тағы басқа;

- Бұрынғы жұмыс берушінің құпия ақпаратын түйіндемеде жария ету.

Бұдан бөлек маман енді мұндай қателіктерді жібермеу үшін жақсы түйіндеменің қандай болуы керектігін айтып берді.

"Ең жақсы түйіндеме - ол шынайы толтырылған түйіндеме. Қазіргі таңда өзінің пайдасын жұмыс берушіге жеткізе білетін үміткерлер бастапқы сараптаудан мойымай өтіп жатыр. Ол үшін түйіндеменің ішіндегі ақпаратты нақты және мол енгізу қажет. Ілеспе хатты да жақсылап толтыруды ұмытпау керек және де бұрынғы жұмыс орнынан ұсыным хат болса, оны да түйіндемеге қыстырып қою қажет", - деп кеңес берді сарапшы.

Әсел Нұрқасымқызының айтуынша, жұмыс іздеу барысында жұмыс іздеу жөніндегі түрлі порталдарды қолданып, түйіндемені міндетті түрде жаңартып отыру керек.

"Түйіндемені күнделікті жаңарту керек, өйткені көптеген жұмыс порталында түйіндемелер саны көп болғандықтан, жаңа түйіндемелер іздеу барысында олар алдыңғы қатарға шығады. Рекрутингтік агенттіктерге де түйіндеме жіберуді ұмытпау қажет", - деді сарапшы.

Оқи отырыңыз:

Жұмысы жоқ жастар қалай тәжірибе жинай алады

Грантқа іліге алмаған түлектер қай салада жұмысқа орналаса алады

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 24
Астана 17
Актау 20
Актобе 16
Атырау 20
Б
Балхаш 18
Ж
Жезказган 16
К
Караганда 17
Кокшетау 20
Костанай 21
Кызылорда 13
П
Павлодар 16
Петропавловск 13
С
Семей 17
Т
Талдыкорган 20
Тараз 23
Туркестан 19
У
Уральск 11
Усть-Каменогорск 24
Ш
Шымкент 19

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer