Президент наурызда халыққа жолдау жасайды

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Президент наурызда халыққа жолдау жасайды ©️ Ақорда баспасөз қызметінен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздың ортасында халыққа жолдауында саяси реформаларды ұсынатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздың ортасында халыққа жолдауында саяси реформаларды ұсынатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қандай түбегейлі өзгерістер болатынын қазір айта алмаймын. Бірақ біраз өзгерістер болады. Бұл туралы Мәжілісте сөйлеген сөзімде айттым. Мен бастапқыда жаңа саяси реформаларды күзде жариялаймын деп ойлағам, бірақ саяси реформаларды наурыздың ортасында халыққа Жолдауымда ұсынатын болдым. Қазіргі таңда жұрт реформаларды зор үмітпен күтіп отырғанын білемін. Сондықтан, "Жаңа Қазақстанды бірге құрайық" деп үндеу жолдадым. Онда айтылған мәселелерді көпшілік қолдап отыр.

Жалпы, кез келген қиындықтың артында үлкен мүмкіндіктер тұр. Қытай тіліндегі "дағдарыс" деген сөздің "жаңа мүмкіндіктер" деген мағынасы бар. Осы ретте біз де күш-қуатымызды Отанымызды өркендетуге жұмсайық.

Әрине, азаматтық қоғаммен, дербес сарапшылармен ауқымды диалог жүргізу керек. Өйткені, халықтың пікірі өте маңызды. Мен "Адамдар мемлекет үшін емес, мемлекет адамдар үшін" деген ұстанымды жарияладым. Осыған байланысты Үкіметке тиісті ұсыныстар дайындауды тапсырдым", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы "Хабар 24" телеарнасының журналисіне эксклюзив сұхбат берген болатын. Президент қаңтар оқиғалары туралы сұрақтарға жауап беріп, ескертусіз ату туралы бұйрық, Интернетті өшіру мен ақпараттық блокаданың себептерін түсіндірген еді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы парламенттік жүйені реформалау, қазақстандық олигархтар туралы ойын айтты. Екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспейтінін де мәлімдеді. 

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 25
Астана 21
Актау 22
Актобе 19
Атырау 24
Б
Балхаш 26
Ж
Жезказган 20
К
Караганда 20
Кокшетау 23
Костанай 24
Кызылорда 16
П
Павлодар 19
Петропавловск 18
С
Семей 20
Т
Талдыкорган 27
Тараз 28
Туркестан 23
У
Уральск 13
Усть-Каменогорск 28
Ш
Шымкент 24

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer