Президент мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керегін мәлімдеді

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Президент мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керегін мәлімдеді Фото: akorda.kz

Мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Президент Ұлттық банк пен үкіметтің басты міндеті - инфляцияны 4-6 пайызға қайтару екенін айтты. 

"Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру нәтижесінде экономикада жалпы 6,3 триллион теңге артық ақша пайда болды. Бірақ бұл қаржы түспейтін салалар бар. Екінші деңгейлі банктер шағын жобаларға, әсіресе ауылдарда инвестиция құймайды. Сондықтан микроқаржы ұйымдарды тартқан жөн", - деді Мемлекет басшысы. 

Жолдауында стресстік активтерді түсіруге аса мән берілуі тиіс екені де айтылды. 

"Біз мемлекет банкирлерге көмектеспеуі керек деп шештік. Оған қоса тоқтау салынған активтерді экономикалық айналымға қайтару керек. Бірақ тек нарық негізінде. Ол үшін заңнама базасы болуы қажет. Үкімет Қаржылық реттеу агенттігімен бірге жыл соңына дейін заң жобасын Парламентке ұсынуы тиіс", - деді Тоқаев. 

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасап, елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтатыны хабарланған болатын. 

Тоқаев былтыр, 2020 жылы 1 қыркүйекте де Жолдау жасаған болатын. Ол кезде коронавируспен күрес, мемлекеттік басқару тәсілдерін өзгерту, мемлекеттік аппаратты қысқарту, квазимемлекеттік секторды реформалау, жолдарды жасау, жауапсыз несие беру мәселелерін қозғады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы педофилдер үшін жазаны қатаңдату, қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын пайдалануға мүмкіндік беруді тапсырылды.

Ал 2019 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауын 2 қыркүйекте жариялады. Бұл оның алғашқы үндеуі еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 19
Астана 13
Актау 19
Актобе 13
Атырау 17
Б
Балхаш 19
Ж
Жезказган 14
К
Караганда 15
Кокшетау 19
Костанай 18
Кызылорда 11
П
Павлодар 14
Петропавловск 10
С
Семей 11
Т
Талдыкорган 20
Тараз 19
Туркестан 16
У
Уральск 6
Усть-Каменогорск 22
Ш
Шымкент 16

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer