Нұр-Сұлтанда карантин: тұрғындар қашанға дейін қалаға кіре алады?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұр-Сұлтанда карантин: тұрғындар қашанға дейін қалаға кіре алады? Фото: Тұрар Қазанғапов

Елорда тұрғындары 22 наурыз сағат 00.00-ге дейін қалаға кіріп үлгеруі керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Елорда тұрғындары 22 наурыз сағат 00.00-ге дейін қалаға кіріп үлгеруі керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қала тұрғындары 22 наурыз сағат 00.00-ге дейін қалаға кіріп үлгеруі қажет. Ал сағат 00.00-де елордаға кіретін және шығатын жолдар жабық болады. Көлік кептелісі мен кезекте тұруды болдырмау үшін қала тұрғындары мен қонақтарына алдын ала тиісті шаралар қабылдауға кеңес береміз. Блок-бекеттердегі полиция қызметкерлеріне көрсету үшін өздеріңізбен бірге жеке басты куәландыратын құжаттарыңызды алып жүруді ұмытпаңыздар", - делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласында көлік құралдарының кіріп-шығуын және азаматтардың жүріп-тұруын шектеу үшін 7 блок-бекет қойылды. Олар:

  • №1 блок-бекет - Талапкер кентіндегі "Екатеринбург-Алматы" автожолында;
  • №2 блок-бекет - Нұр-Сұлтан қаласына кіреберісте ақы төленетін пунктегі "Нұр-Сұлтан-Петропавл" автожолында;
  • №3 блок-бекет - Қоянды кентіндегі "Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті" автожолында;
  • №4 блок-бекет - Шығыс Ильинка тұрғын алабы ауданындағы "Нұр-Сұлтан-Қорғалжын" автожолында;
  • №5 блок-бекет - Қосшы кентіндегі "Нұр-Сұлтан-Киевка-Теміртау" автожолында;
  • №6 блок-бекет - Жібек Жолы кентіндегі "Екатеринбург-Алматы" автожолында;
  • №7 блок-бекет - Шұбар кенті, Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы айналма автожолында;

Сонымен қатар, ауыр жүк көліктері елорда маңындағы айналма автожолымен жүре алады.

"Енгізілген шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әрбір тұрғынның, әрі қаладағы халықтың денсаулығын сақтау үшін қажет. Карантин іс-шараларына жұмылдырылған ішкі істер органдары қызметкерлерінің талаптарын мүлтіксіз сақтап, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Бүгін елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 44-ке жетті. Нұр-Сұлтанда 25 науқас, қалған 19 пациент Алматыда.

Айта кетейік, осыған дейін елорда әкімінің орынбасары Бахтияр Макен астаналықтарға маңызды үндеу жасап, халыққа қызмет көрсету орындары нешеге дейін жұмыс істейтінін айтты. Ал қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы карантин кезінде сауда орындары қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

Сондай-ақ, бүгін түнде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды. 

Еске салайық, 16 наурыздан бастап елімізде төтенше жағдай жарияланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 25
Астана 21
Актау 22
Актобе 19
Атырау 24
Б
Балхаш 26
Ж
Жезказган 20
К
Караганда 20
Кокшетау 23
Костанай 24
Кызылорда 16
П
Павлодар 19
Петропавловск 18
С
Семей 20
Т
Талдыкорган 27
Тараз 28
Туркестан 23
У
Уральск 13
Усть-Каменогорск 28
Ш
Шымкент 24

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer