Нұр-Сұлтанда балабақшалар қашан ашылатыны айтылды

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұр-Сұлтанда балабақшалар қашан ашылатыны айтылды Фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың айтуынша, 18 мамырдан бастап балабақшаларда ашылатын кезекші топта бала саны 15-тен асса, тағы кезекші топ қосылады. Ал мектепке дейінгі ұйымдарды штаттық режимде ашу 1 маусымға жоспарланған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың айтуынша, 18 мамырдан бастап балабақшаларда ашылатын кезекші топта бала саны 15-тен асса, тағы кезекші топ қосылады. Ал мектепке дейінгі ұйымдарды штаттық режимде ашу 1 маусымға жоспарланған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шолпан Қадырованың айтуынша, балабақшаға алдымен ата-аналарының екеуі де жұмыс істейтін балалар қабылданады. Содан кейін ғана басқа ата-аналардың қалауы бойынша балаларды қабылдайды. Сондай-ақ, ата-ана баласының балабақшаға баратыны туралы тәрбиешіге бір күн бұрын хабарлауы керек.

"18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі барлық білім беру мекемесі кезекші топ режимінде жұмысын бастауға дайын. Балабақшалар санитарлық-дезинфекциялық нормаларды қатаң сақтай отырып, баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін, содан кейін ғана басқа ата-аналардың қалауы бойынша балаларды қабылдайды. Әрбір мектепке дейінгі ұйымдардың кезекші топтарында бала саны 15-тен аспауы тиіс. Балабақшаға келмеген жағдайда баланың орны сақталады. Осы жерде дұрыс түсіндіріп кету керек. Бір топта бала саны 15-тен асатын болса, тағы басқа кезекші топтар ашылады. Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдарға қажеттілікті анықтау үшін ата-аналардың арасында мониторинг жүргізіліп жатыр. Ол үшін ата-аналар өздерінің тәрбиешілеріне балабақшаға баратыны туралы ақпаратты бір күн бұрын хабарлау керек", - деді ол қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте.

Басқарма басшының айтуынша, учаскелік педиатрдың денсаулық жағдайы туралы анықтамасы бар бала ғана қабылданады. Балабақшаға келген кезде тәрбиеші мен медициналық қызметкер баланың дене қызуын өлшейді.

Сонымен қатар, ол қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы толық 1 маусымнан бастап ашылуы жоспарланғанын атап өтті.

"1 маусымнан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын штаттық режимде бастау жоспарланған. Сондай-ақ арнайы ұйымдар, психологиялық-медициналық, педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары 18 мамырдан бастап жұмысын бастауға дайын. Ерекше білім беретін әр баламен жеке жұмыстар жүргізіледі", - деді Шолпан Қадырова.

Білім басқармасының басшысы ата-аналардың қандай да бір сұрағы болса, 55-68-63, 55-68-73 немесе 1445 телефон нөмірлеріне хабарласуына болатынын атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 23
Астана 16
Актау 19
Актобе 14
Атырау 17
Б
Балхаш 17
Ж
Жезказган 17
К
Караганда 16
Кокшетау 20
Костанай 19
Кызылорда 14
П
Павлодар 15
Петропавловск 15
С
Семей 19
Т
Талдыкорган 24
Тараз 22
Туркестан 15
У
Уральск 13
Усть-Каменогорск 26
Ш
Шымкент 16

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer