Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге үй салып беру мәселесі көтерілді

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге үй салып беру мәселесі көтерілді Фото: ТЖК

Бүгін Мәжіліс депутаттары Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үй салып беру мен диқандарға егін егуге көмектесу мәселесін көтеріп, Үкімет басшысы Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Мәжіліс депутаттары Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үй салып беру мен диқандарға егін егуге көмектесу мәселесін көтеріп, Үкімет басшысы Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшесі Ержан Құдайберген депутаттық сауалды оқыды. Депутат су тасқынынан зардап шеккендердің санын атады.

"Баршаңызға белгілі болғандай, Өзбекстан Республикасының аумағында орналасқан Сардоба су қоймасының бұзылуы салдарынан Мақтаарал ауданының бірқатар елді мекені су астында қалды. Бүгінгі таңда ресми деректер бойынша ауданның 10 елді мекені, 800-ден аса тұрғын үйі, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 медициналық нысан су астында қалып, 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды. Қазірдің өзінде көктем кезінде еңбегі жанатын диқан-фермерлердің 7 600-ге жуық гектар аумағындағы дақылды егетін алқаптарын су басты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсету туралы Үкіметке тапсырма берді. Үкімет жедел шаралар қабылдады. Үкіметтік комиссия залалдың салдарын жедел бағалап, инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмысына кірісті", - деді ол.

Ержан Құдайберген су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету мәселелерін талқылайтын Үкімет комиссиясына бірқатар ұсыныс айтты. Ол қираған үйдің орнына жаңа үй салатын кезде бұзылған үйдің материалынан бөлек, тұратын адам саны мен үйдің ауданын ескеруді, сондай-ақ диқандарға қысқа мерзім ішінде өнім алатын егін егуге және егін алқаптарында уақытша паналайтын жағдай жасауға көмектесуді сұрады.

"Су тасқынынан жапа шеккен халыққа барлық қажетті көмек көрсетілетініне сенеміз және өз тарапымыздан қабылданып отырған шараларға ұсыныс айтуды жөн санадық. Осы орайда Үкіметтік комиссия су алған тұрғын үйлерге келген залалды бағалауда тек үйдің салынған материалына ғана емес, үйдің текшеметрлік көлемі мен тұрғындар санын негізге алуын сұраймыз. Кейбір тұрғынның өз мүліктерін рәсімдеп үлгермегендері де болады. Осы жағдайды да ескеру керек; Жерасты суларының жақын орналасқанын ескере отырып, су басқан жерлерді бабына келтіру мақсатында, дренаж жүйелерін қолдануды және қашыртқыларды іске қосу қажет деп санаймыз; Диқандардың егінді қайта егуді қолдау жолдарын қарастыру, оның ішінде ауылшаруашылық техника, жанармай, жедел қамтамасыз ететін және оларды егістік алқаптарда уақытша паналауға мүмкіншілік жасау керек. Сонымен қатар, диқандармен ақылдаса отырып, қысқамерзімді өнім беретін дақылдарды егуге және оған керекті тұқымдарды жеткізіп беруді, кейін алынған өнімді сатылуға байланысты шараларды іске асыру керек деп санаймыз... Сонымен қатар, қашыртқылардың уақытылы тазаланбағаны салдарынан, қоқысқа толып жарамсыз болғаны және тасыған судың өтуіне кедергі жасау жағдайдың өршуіне әкеп соқты. Осы ретте су құрылымдарының жұмыс қабілетін қамтамасыз ету керек", - деді депутат.

Ержан Құдайберген депутаттық сауалды "Нұр Отан" партиясы мен "Ақжол" партиясы фракция мүшелерінің атынан жолдады.

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басқанын мәлімдеген.

Сондай-ақ бүгін Үкімет отырысының басында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев су басқан ауылдарға байланысты баяндама жасап, Өзбекстан тарапы біздің коллекторларды тазалауға көмектесетінін айтқан болатын.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаман өңірдегі су басқан ауылдарға көмек ретінде ашылған қорға қанша ақша түскені әлі белгісіз екенін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 19
Астана 12
Актау 19
Актобе 13
Атырау 15
Б
Балхаш 17
Ж
Жезказган 13
К
Караганда 14
Кокшетау 20
Костанай 19
Кызылорда 10
П
Павлодар 14
Петропавловск 9
С
Семей 10
Т
Талдыкорган 21
Тараз 17
Туркестан 16
У
Уральск 6
Усть-Каменогорск 24
Ш
Шымкент 14

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer