"Қазпошта" өз қызметкерлерін опа-далап сатуға міндеттей ме?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Қазпошта" өз қызметкерлерін опа-далап сатуға міндеттей ме?

Желіде "Қазпошта" қызметкерлеріне белгілі бір тауарларды сатуға міндеттегені жазылған сурет тарады. Онда қызметкерлерге көлік сақтандыруды, опа-далаптарды сатуға талап етіледі. "Қазпошта" баспасөз қызметі бұған жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Желіде "Қазпошта" қызметкерлеріне белгілі бір тауарларды сатуға міндеттегені жазылған сурет тарады. Онда қызметкерлерге көлік сақтандыруды, опа-далаптарды сатуға талап етіледі. "Қазпошта" баспасөз қызметі бұған жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта Жамбыл облысындағы өңірлер жазылған. 

"Мына жоспарды айдың аяғында орындауларыңызды талап етемін. Шектелмейді, бұдан да асырып орындауымыз қажет. Айдың бітуіне санаулы күн қалғандықтан, осылай жөн көрдім. Айлық есепте қаралатынын ескертемін", - деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ, онда сатылған қызмет түрлері бойынша есеп беріп отыру керегі жазылған. 


Фото: facebook.com/zhasulan.abdihalyk

"Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі косметикалық өнімдер мен түрлі қызмет сатылатынын растады. 

"Қазпошта" АҚ-ның еліміз бойынша 3 мыңнан аса бөлімшесі бар. Онда 20 мыңнан аса адам еңбек етеді. Компания коммерциялық мекеме болғандықтан, нарықтық жағдайда қызметкерлер штатын және ауылдардағы, аудандардағы және қалалардағы бөлімшелердің кең желісін қамтамасыз ету үшін табыс табуы қажет. Бұл ретте компания жаңа бағыттарды дамытып, серіктестермен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Оның ішінде агенттік қызметтер бар. Елді мекен тұрғындарына мемлекеттік және әлеуметтік қызметтер, коммуналдық төлемдерді төлеу, депозит ашу, несие рәсімдеу, теміржол билеттерін сатып алу немесе косметикалық өнімге тапсырыс беру ұсынылған. Бұл ауыл тұрғындарына үлкен қалаларға бармай-ақ, тиісті қызметтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді", - деді "Қазпошта" өкілдері. 

Баспасөз қызметіндегілердің хабарына қарағанда, компания мамандары үшін қызметтердің белгілі түрлері бойынша ай сайынғы жалақысына қосымша төлем алу және кірістерін арттыру мүмкіндігі бар.

Ал "Бұл өнімдер мен қызметтерді сату міндеттеле ме?" деген сұраққа "Қазпошта" өкілі "жоқ" деп қысқа қайырды. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында "Қазпошта" қызметкері зейнеткерді әтірсу сатып алуға мәжбүрлегені хабарланған еді. Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйтерек ауылында зейнеткерді "Қазпошта" бөлімшесіндегілер 3 500 теңгеге әтірсу сатып алуға мәжбүрлеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 32
Астана 24
Актау 24
Актобе 20
Атырау 21
Б
Балхаш 27
Ж
Жезказган 24
К
Караганда 22
Кокшетау 24
Костанай 30
Кызылорда 22
П
Павлодар 22
Петропавловск 20
С
Семей 28
Т
Талдыкорган 32
Тараз 31
Туркестан 22
У
Уральск 20
Усть-Каменогорск 31
Ш
Шымкент 23

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer