Қазақстаннан халықаралық рейстер қалай ашылатыны айтылды

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қазақстаннан халықаралық рейстер қалай ашылатыны айтылды Фото: pixabay.com

ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев елдегі және рейс жасалатын мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықаралық әуе рейстері кезең-кезеңімен ашылатынын айтты. Алайда нақты уақыты әзірге белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев елдегі және рейс жасалатын мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықаралық әуе рейстері кезең-кезеңімен ашылатынын айтты. Алайда нақты уақыты әзірге белгісіз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитет төрағасының айтуынша, егер эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса, онда қазақстандықтар бірінші кезеңде Оңтүстік Корея, Қытай және Әзербайжанға бара алады.

"Пандемия басынан бастап халықаралық бағыттар бойынша 97 бағытта аптасына 440 рейс тоқтатылды. Бұл - бүкіл халықаралық рейс санының 99 пайызы. Бүгінде ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында СІМ және ДСМ бірлесе отырып, бірнеше халықаралық әуе бағытын ашу бойынша жұмыс жүргізуге тапсырма берілді. Соның ішінде, бірінші кезең, COVID-19 бойынша эпидемиялық жағдайдың классификациялық деңгейіне сәйкес, Оңтүстік Корея, Қытай және Әзербайжан кірді. Атап кететін жайт, біз аталған мемлекеттердің авиациялық басқармаларымен әуе рейстерді қайта бастау мүмкіндігін енді пысықтап жатырмыз, - деп ескертті Талғат Ластаев.

Оның айтуынша, ҚР СІМ қызметкерлері шетел азаматтары және біздің азаматтарымыздың мемлекеттік шекара арқылы өтуін пысықтап жатыр. Өйткені бірнеше мемлекетте кіруге және шығуға шектеулер бар. Денсаулық сақтау министрлігі де бірігіп, жолаушыларды тасымалдау мен карантин санитарлық талаптарды бекітеді. Сонымен қатар, бас санитармен бірігіп, аталған мемлекеттерге мониторинг жасап, эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде тиісті шаралар қабылданады.

Спикердің сөзінше, екінші кезең, эпидемиялық қауіпсіздікке байланысты Түркия, БАӘ, Германия, Таиланд және Чехия қарастырылады. Бірақ әзірге рейстердің қашан ашылатыны белгісіз.

"Тағы атап өтемін, бұл рейстер ертеңнен бастап ашылмайды және тек эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық инстанциямен келісу біткенде басталады. Рейстердің ашылуы туралы қосымша хабарлаймыз", - деді комитет төрағасы.

Еске салайық, елімізде 9932 адам коронавирус жұқтырған. 37 адам қайтыс болды, 4900 адам аурудан айықты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 31
Астана 27
Актау 24
Актобе 22
Атырау 24
Б
Балхаш 31
Ж
Жезказган 25
К
Караганда 23
Кокшетау 26
Костанай 31
Кызылорда 22
П
Павлодар 23
Петропавловск 22
С
Семей 31
Т
Талдыкорган 33
Тараз 34
Туркестан 26
У
Уральск 23
Усть-Каменогорск 35
Ш
Шымкент 24

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer