Қазақстан экономикасын не күтіп тұр – сарапшы пікірі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қазақстан экономикасын не күтіп тұр – сарапшы пікірі ©️ Tengrinews.kz коллажы

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин еліміздің 2026-2028 жылдары экономикалық даму болжамын таныстырды. Осыған орай, Tengrinews.kz тілшісі министрлер баяндамасындағы негізгі мәліметтерге тоқталып, болжалды бюджет жоспарын экономика саласының сарапшысымен талқылады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин еліміздің 2026-2028 жылдары экономикалық даму болжамын таныстырды. Осыған орай, Tengrinews.kz тілшісі министрлер баяндамасындағы негізгі мәліметтерге тоқталып, болжалды бюджет жоспарын экономика саласының сарапшысымен талқылады.

Шығыс көп, кіріс аз

Министр баяндамасына сүйенсек, екі жылда ел бюджеті – Ұлттық қордан мүлдем қаражат алмай, мұнайға деген тәуелділіктен арылады. Республикалық бюджеттің шығыстары 2026 жылы 27,7 трлн теңгені, 2027 жылы – 28,8 трлн теңгені және 2028 жылы – 29,8 трлн теңгені құрайды. Кірістерге келсек, қаржы министрлігінің есептеуінше, 2026 жылы бюджетке 23,1 трлн теңге, 2028 жылға қарай 27,6 трлн теңге түсім түседі.

"Кірістер мен шығыстардың осындай көлемдері кезінде бюджет нысаналы трансферт түрінде Ұлттық қордан қосымша қаражат тартудың қажеттілігінсіз өзін-өзі қамтамасыз етеді. Ұлттық қордың таза валюталық активтері 2026 жылы 60,8 млрд доллардан 2028 жылы 68,6 млрд долларға дейін өседі деп болжануда", – деді Ұлттық экономика министрі.

Бюджеттің басым бөлігі қайда жұмсалады?

Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің сөзінше, алдағы екі жылда мемлекеттік шығыстардың негізгі бөлігі әлеуметтік салаға жұмсалады. Бұл бағыттағы шығындарға 10 трлн 725 млрд теңге қарастырылып отыр. Әлеуметтік сала шығындары жалпы шығыс көлемінің 38,7%-ын құрайды.

"Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың контингенті 288 мың адамға артады. Шәкіртақылар ұлғайтылады, ал бюджет есебінен оқитын студенттер саны 19 392 адамға артады. 2026 жылы міндетті медициналық сақтандыруға аударылатын жарналар медианалық жалақыға қарай есептеледі", – деді Тәкиев.

Айта кетейік, үкіметтегілер 2026 жылы инфляция 10 пайыз деңгейінде болады деп болжап отыр. Дегенмен, 2026 жылғы кірістер мен бюджет тапшылығын есепке алғанда, бюджет шығысы да арта түседі. 2026 жылы шығыс 2 трлн теңгеге артып, 2028 жылы 29,7 трлн теңгені құрайды.

"2026 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары ағымдағы жылмен салыстырғанда, 2 трлн. теңгеге ұлғая отырып жоспарланады", – деп атап өтті Тәкиев.

Айта кететіні, 2025 жылы бюджет тапшылығы төрт триллион теңгеден асатыны айтылған болатын. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында республикалық бюджет кірістері жеткілікті орындалмай жатқанын айтып, өңір басшыларын артық жиындарды қысқартып, қаржыны үнемдеуге шақырды

Екі жылдық болжам жүзеге аса ма?

Экономика саласының сарапшысы Айбар Олжаев Үкіметтің 2026–2028 жылдарға арналған экономикалық болжамының жүзеге асу мүмкіндігі мен Ұлттық қорға тәуелділіктен арылу жоспарын талдады.

"Үкімет 2026 жылы жалпы ішкі өнім өсімін 5,4% деп жоспарлады. Ал жеті айдың қорытындысы бойынша 2025 жылға 6,3% өсім тіркелгенін ескерсек, 2026 жылға 5,4% өсім шынайы болуы мүмкін. Егер біз Опек+ келісімінен преференция алып, мұнай бағасы барреліне 69 доллардан төмен түспесе, жоспарланған көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік бар. Мұнда тек қана мұнай емес, көлік логистикасы, қоймалар арқылы және Қытай жүктерін Еуропаға тасу сияқты қосымша табыс көздері де бар. Егер осы бағыттарды ұстап қалсақ, 5,4% өсім нақты болады. Дегенмен, форс-мажор жағдайлары – әлемдік дағдарыстар, соғыстар, шекаралардың жабылуы – біздің көрсеткішке әсер етуі мүмкін", – деді сарапшы.

Ұлттық қордан ақша алмайды. Енді бюджет бүйірі қалай толады?


"Бұл – идеалистік мақсат. Әрине, 2030 жылы дамыған 30 ел қатарына қосылу мақсатымен салыстырғанда бұл жақсы қадам, бірақ ешкім 2028 жылы нақты осындай нәтижеге жетеміз деп кепілдік бере алмайды. Себебі қақтығыс, вирус немесе пандемия сияқты күтпеген жағдайлар болуы мүмкін. Дегенмен, үкімет осы мақсатқа ұмтылып, бюджеттің өзіндік фискалды табысын арттыру, шығыстарды қатаң бақылау және сыртқы қарызды өсірмеу арқылы Ұлттық қордан трансфер алмай-ақ жұмыс істеуге тырысады. Бірақ кез келген сыртқы шок жоспарды өзгертеді, сондықтан '2028 жылы Ұлттық қордан ақша алмаймыз' деген мәлімдеме шамамен болжамдық сипатта", – деп түсіндірді Олжаев.

Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет жаңа Салық кодексін енгізу арқылы бюджет кірісін арттыруға ниетті. Экономистер бұл кодекстің нақты нәтижесі бизнестің және халықтың салық төлеу тәртібіне тікелей байланысты болатынын ескертеді.

"Жаңа Салық кодексі республикалық бюджет кірісін арттыру мақсатында жасалған. Оның негізгі идеясы – салық түсімін кемінде 2,5–3 трлн теңгеге көбейту, сол арқылы Ұлттық қор трансферін азайту. Дегенмен, бизнестің көлеңкеге кету деңгейі белгісіз. Егер кәсіпкерлер салық төлемей көлеңкеге кетсе, болжамдағы 3 трлн қосымша кіріс орындалмауы мүмкін. Сондықтан бюджеттің нақты кірісі 2026 жылы бизнестің және халықтың өз міндеттерін қаншалықты орындауына байланысты болады", – деп атап өтті сарапшы.

Мұнайсыз бюджет

Экономист мұнайдан тыс бюджет тапшылығының көлемін тек абсолютті сандармен емес, жалпы ішкі жалпы өнімге қатынасымен бағалау қажет деп есептейді. Бұл тәсіл бюджеттің тұрақтылығы мен экономиканың дамуын нақтырақ көрсетуге мүмкіндік береді.

"Мұнайдан тыс бюджет тапшылығы 11 трлн теңге болса да, оның ішкі жалпы өнімге қатынасын қарастыру маңызды. Егер ішкі жалпы өнім 5% өсіммен дамыса, бұл тапшылық қатты қауіп тудырмайды. Қазақстан экономикасы мұнайға тәуелді, бірақ біз мұнайдан түсетін түсімді басқа салалардан өсіп жатқан әсерлер арқылы азайтып жатырмыз. Мұнайдың бюджеттік әсері жыл сайын 0,5–1,2% төмендейді, бұл жақсы көрсеткіш. Яғни бюджеттің 40%-ға жуығы мұнайдан емес, басқа салалардан алынған мультипликативті әсерден келеді", – деп түсіндірді Олжаев.

Сарапшы мұнайға бәсекелес бола алатын салаларды да атап өтті.


"Транзит мұнайға бәсекелес бола алады. Ол үшін инфрақұрылымды дұрыс ұйымдастыру, қоймаларды тиімді пайдалану, танкирлер мен құрғақ жүк кемелерін, теміржол жүйесін реттеу керек. Сонымен қатар құрылыс және ауыл шаруашылығы салалары жаңа табыс көздері болуы мүмкін. Төртінші жаңа мұнай – сирек кездесетін металлдар: галий, калифорний, осмий сияқты ресурстарымыз бар. Егер осы бағыттарды дамытсақ, мұнайдың бюджеттік әсерін 40%-дан 20%-ға дейін азайтуға болады. 2030 жылдары бұл Қазақстан үшін өте күшті нәтиже болады. Ел бюджетін Ұлттық қорға қатты тәуелді етпей, дефицитті шамамен 16–17% деңгейінде жабуға болады", – деп түйіндеді сарапшы.

Сарапшылардың пікірі бойынша, үкіметтің 2026-2028 жылдарға арналған экономикалық болжамы – батыл әрі стратегиялық жоспар. Мұнайға тәуелділіктен арылу, Ұлттық қордан трансфертсіз бюджет қалыптастыру – маңызды мақсаттар. жоспар сыртқы және ішкі тәуекелдерге өте сезімтал. Қазақстан үшін басты міндет – фискалды саясатты қатаң бақылау, жаңа табыс көздерін дамыту және экономикалық тұрақтылықты сақтау.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course down  628.15  course down  6.6  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 19
Астана 15
Актау 20
Актобе 15
Атырау 19
Б
Балхаш 23
Ж
Жезказган 16
К
Караганда 19
Кокшетау 25
Костанай 22
Кызылорда 14
П
Павлодар 17
Петропавловск 13
С
Семей 14
Т
Талдыкорган 23
Тараз 23
Туркестан 16
У
Уральск 9
Усть-Каменогорск 26
Ш
Шымкент 19

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer