Ермахан Ибраимов сайлау күні алаңға не үшін барғанын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ермахан Ибраимов сайлау күні алаңға не үшін барғанын айтты Ермахан Ибраимов. Фото: instagram.com/ibraimov.ermakhan

Қазақстандық әуесқой боксшы, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов 10 қаңтарда Тәуелсіздік алаңында болған жайтқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық әуесқой боксшы, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов 10 қаңтарда Тәуелсіздік алаңында болған жайтқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 10 қаңтарда Сайлау күні кей қалаларда заңсыз жиындар мен митингілер ұйымдастыру, соған қатысуға үгіттеу әрекеттері болды. Бұл азаматтарға жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура қызметкерлері акцияның заңсыз екенін бірнеше рет ескертіп, тоқтату қажет екенін түсіндірген. Сол күні бірнеше адам ұсталып, кейін босатылғаны хабарланған.

Ибраимов алаңға халыққа күш көрсету мақсатында емес, сабырға шақыру үшін барғанын айтты.

"Осы уақытқа дейін мен халқыммен бірге болдым және әлі де бірге болатынымды айтқым келеді. Митинг кезінде наразылық білдірген халыққа күш көрсету мақсатында емес, сабырға шақыру үшін барған болатынмын. Бірақ, қарсы топтардың белсенділері маған кері пікір білдіріп, менің жеке намысыма тиетін сөздер айтып жатқасын, жақындап барып, бәрін түсіндірмекші болдым. Сол тұста қарсы топтардың арандатушылары мені кадрға алып, түрлі бағытта ақпараттар таратып жіберген болатын", - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар, ол әлеуметтік желілерде суреті мен видео тарап кетіп, кері пікірлер айтылып жатқанын айтты.

"Оның бәрін сыни тұрғыда қабылдаймын. Алайда мен осы сайлауға қатысуымның себебі де қарапайым халық үшін екенін тағы да айтқым келеді. Себебі төбеме көтеріп, құрметтеген халыққа қарсы шығу менің ойымда да болмаған! Сондықтан қадірлі қазақ елі, митинг кезінде болған жағдайды қысқаша осылай түсіндіргім келеді. Барлығы алда. Ел мүддесі үшін алда әлі де игілікті істерді атқаратын боламын", - деп жазды Ибраимов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ермахан Ибраимов (@ibraimov.ermakhan)

Айта кетейік, 10 қаңтарда Қазақстанда Парламент сайлауы өткен. Бүгін, 12 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындысын жариялады. Қорытынды бойынша, Nur Otan партиясы - 71,09 пайыз, "Ақ жол" партиясы - 10,95 пайыз, Қазақстан Халық партиясы  - 9,10 пайыз, "Ауыл" партиясы - 5,29 пайыз, ADAL партиясы - 3,57 пайыз дауыс жинаған.

Мәжілісте Nur Otan, "Ақ жол" және ҚХП қанша орын алды?

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 30
Астана 24
Актау 24
Актобе 22
Атырау 25
Б
Балхаш 29
Ж
Жезказган 24
К
Караганда 22
Кокшетау 24
Костанай 29
Кызылорда 20
П
Павлодар 21
Петропавловск 21
С
Семей 29
Т
Талдыкорган 31
Тараз 33
Туркестан 26
У
Уральск 20
Усть-Каменогорск 32
Ш
Шымкент 24

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer