Еңбекке жарамсыздық парағы: Төлем қалай есептеледі?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Еңбекке жарамсыздық парағы: Төлем қалай есептеледі? © suomik.com

Заң бойынша кез келген қызметкер денсаулығына байланысты жұмысқа шыға алмаса, еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеуі тиіс. Бұл жұмыс берушіні оған белгілі бір сомада жәрдемақы төлеуге міндеттейді. Ал ол жәрдемақы қалай есептеледі және нақты қандай жағдайларда төленеді? Еңбекке жарамсыздық парағы үшін ақша төленбейтін жағдайлар бола ма? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына заңгер Азамат Бурханов жауап берді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Заң бойынша кез келген қызметкер денсаулығына байланысты жұмысқа шыға алмаса, еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеуі тиіс. Бұл жұмыс берушіні оған белгілі бір сомада жәрдемақы төлеуге міндеттейді. Ал ол жәрдемақы қалай есептеледі және нақты қандай жағдайларда төленеді? Еңбекке жарамсыздық парағы үшін ақша төленбейтін жағдайлар бола ма? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына заңгер Азамат Бурханов жауап берді.

Заңгердің айтуынша, Еңбек кодексіне бүгінге дейін бірнеше рет өзгеріс енгізілген. Ал соңғы өзгертулер 2007 жылдың мамырында енізілген, онда әрбір қызметкер мен жұмыс берушінің заңды мүдделері теңдей қорғалғаны айтылады.

Жұмыс беруші еңбекке жарамсыздық парағы үшін ақша төлеуге міндетті ме?

"Қызметкер ауырып қалған жағдайда және оны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен ресми құжаттармен дәлелдей алса, Еңбек кодексінің 133-бабының 1-бөлігіне сәйкес, басшылық, яғни жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкерлеріне еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндеттеледі. Ал жәрдемақы мөлшері Үкіметтің "Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау" туралы үкіміне сәйкес есептеледі. Бірақ жұмыс беруші еңбек заңнамасында көрсетілген ережелерді орындамаса, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - дейді Азамат Бурханов.

Сондай-ақ, заңгер кодекстің 54-бабына негізделе отырып, жұмыс берушінің қарамағындағы қызметкері еңбекке уақытша қабілетсіз болса немесе еңбек демалысына шыққан кезде өз бетінше еңбек шартын бұза алмайтынын ескертеді. 

Еңбекке жарамсыздық парағына төленетін ақша қанша күнде берілуі керек?

ҚР Еңбек кодексінің 133-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жұмысқа уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жұмыскерлерге еңбекке қабілетсіздігінің бірінші күнінен бастап жұмысқа қабілеттілігі қалпына келген күнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін төленуге міндеттеледі.

Еңбекке жарамсыздық парағына төленетін ақшаны қалай есептейді?

Үкіметтің "Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, жәрдемақы мөлшері қызметкердің бір күндік орташа ақысын еңбекке жарамсыз болған күндеріне көбейту арқылы есептеледі.

Қызметкердің жалақысы: 150 000 теңге

Бір жылдағы табысы: 1 800 000 теңге

Бір жылдағы жұмыс күндерінің саны (бес күндік жұмыс болған жағдайда): 246

Қызметкер бір жыл бойы ешқандай демалыс алмаған болса, оның бір күндік орташа ақысы: 1 800 000 теңге/246 = 7317,07 теңге

5 күнге еңбекке жарамсыздық парағын алды делік. Мысалы, 9-13 маусым аралығында.

7 317*5 = 36 585 теңге.

Ал алты күндік жұмыс болса:

1 800 000 теңге/298 күн = 6 040 теңге

6 040 теңге*5 күн= 30 200 теңге

Тағы бір ескеретін жай, кейбір ұйымдарда бұл сомадан міндеттелген зейнетақы жарнасы мен жеке табыс салығы шегеріледі.

Алайда ҚР Үкіметінің "Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, еңбекке жарамсыздық парағына төленетін жәрдемақы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы тиіс екен(2019 жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша, АЕК - 2 525 теңге). Осылайша, қызметкер 10 күн немесе одан да көп уақыт бойы еңбекке жарамсыз болса да, оған 37 875 теңгеден көп ақша берілмейді. 

Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, кезінде Ұлы Отан соғысына қатысқан, бірақ әлі күнге дейін жұмыс істеп жүргендерге немесе қызметкер жұмысының салдарынан қандай да бір дертке шалдығып, нәтижесінде еңбекке жарамсыздық парағын алуға мәжбүр болса, оған орташа еңбекақының жүз пайызы мөлшерінде ақша беріледі және еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап жәрдемақы төленеді.

Қандай жағдайларда еңбекке жарамсыздық парағы төленбейді?

Дегенмен, заңгердің сөзіне сенсек,белгілі бір жағдайларда жәрдемақы берілмейді.

Мұның барлығы Еңбек кодексінің 133-бабының 4-бөлігінде көрсетілген. Ол жағдайлар мыналар: бірінші жағдай - қызметкер өзі қандай да бір қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде өндірістік жарақат алып, еңбекке уақытша қабілетсіз болса, екінші жағдайда, жұмыскер соттың шешімімен мәжбүрлеп емделуге жіберілсе, үшіншіден, қызметкер белгілі бір себептермен қамауда болса немесе сот-медициналық сараптамалар өткізуге жіберілсе, ол еңбекке жарамсыздық парағын көрсетсе де оған ешқандай ақша төленбейді. Төртінші жағдайда, қызметкер алкоголь, есірткі пайдалануы салдарынан науқастанып қалса және бесінші жағдайда жыл сайынғы демалыс ақысы төленетін кезде еңбекке жарамсыздық парағын алса, ол күндер үшін ешқандай жәрдемақы қарастырылмайды.

Оқи отырыңыз:

Еңбек демалысына төленетін ақшаны қалай есептейді

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 26
Астана 22
Актау 23
Актобе 22
Атырау 25
Б
Балхаш 27
Ж
Жезказган 21
К
Караганда 21
Кокшетау 23
Костанай 28
Кызылорда 19
П
Павлодар 20
Петропавловск 18
С
Семей 26
Т
Талдыкорган 29
Тараз 30
Туркестан 24
У
Уральск 14
Усть-Каменогорск 30
Ш
Шымкент 24

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer