"Дипломмен ауылға": биыл қанша жас маман баспана ала алады?

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Дипломмен ауылға": биыл қанша жас маман баспана ала алады? Фото: Тұрар Қазанғапов

Биыл "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 5 мың жас маман баспаналы болады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн өткен халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Биыл "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша 5 мың жас маман баспаналы болады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн өткен халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министр ауылдық елді мекендерге жас мамандарды тарту үшін "Димпломмен ауылға" бағдарламасының маңызы зор екенін атап өтті.

"Бағдарлама бойынша өткен жылы 4 мыңнан астам маман 1 200 ауылда жұмысын бастады. Бұл - мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет, спорт саласындағы қызметкерлер, мал дәрігерлері, агрономдар және тағы басқа мамандық иелері. Мемлекет оларға үй алу үшін кредит түрінде қолдау көрсетіп жатыр. Үйге бөлінген қаражаттың көлемі жыл сайын өсіп келеді. Кредиттің ставкасы - 0,01 пайыз, кредит мерзімі - 15 жыл. Сондай-ақ, көшу үшін тиісті қаражат беріледі", - деді ол. 

Осы орайда Руслан Дәленов осы жылы аталған бағдарлама бойынша қанша жас маман баспаналы болатынын айтты.

"Биыл мұндай әлеуметтік көмекке 5 мың жас маман ие болады. Оларға үй алуға бюджеттен кредит беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай және "Жастар" жылы аясында бағдарламаны қаржыландыру көлемі 20 миллиард теңге болды. Былтыр бұл көрсеткіш 15 миллиард теңге болған еді", - деп түйіндеді сөзін министр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 28
Астана 19
Актау 19
Актобе 15
Атырау 18
Б
Балхаш 18
Ж
Жезказган 19
К
Караганда 16
Кокшетау 19
Костанай 23
Кызылорда 18
П
Павлодар 17
Петропавловск 15
С
Семей 19
Т
Талдыкорган 26
Тараз 23
Туркестан 17
У
Уральск 14
Усть-Каменогорск 29
Ш
Шымкент 17

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer