Депутатты жиналыстан қуып шыққан шенеунік қатаң сөгіс алды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Депутатты жиналыстан қуып шыққан шенеунік қатаң сөгіс алды Иллюстрациялық сурет. © ufavesti.ru

Қызылорда облысында аудандық мәслихаттың депутатын жиналыстан қуып шыққан шенеунік тәртіптік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент өкілдеріне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысында аудандық мәслихаттың депутатын жиналыстан қуып шыққан шенеунік тәртіптік жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент өкілдеріне сілтеме жасап. 

Оқиға биылғы маусым айында болған. Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары жиналыс барысында сұрақ қойғысы келген Арал аудандық мәслихатының депутатын жиналысқа шақырмағандығын айтып, оны залдан шығып кетуін сұраған. 

"Аудандық мәслихат депутатының шағымына сәйкес Департаментпен жүргізілген тексеру нәтижесімен Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары жиналыс барысында депутатпен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытпай, жиналысқа шақырмағандығын айтып, залдан шығып кетуін сұрап Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын бұзғандығы анықталды", - делінген хабарламада.

Шенеуніктің тәртіптік ісі Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралып, Кеңес шешімі негізінде берілген ұсынысқа сәйкес оған "қатаң сөгіс" тәртіптік жазасы қолданылған.

Сонымен қатар, өңірде болған тағы бір жағдай мысалға келтіріліп отыр. Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы өз қарамағындағы статист маманға ар-намысына тиетін сөздер айтып, дөрекілік танытқан.

"Департамент бөлім басшысының тәртіптік мәселесін қарау туралы берілген ұсынысқа сәйкес аталған лауазым иесін "қатаң сөгіс" түріндегі тәртіптік жазаға тартты", - делінген хабарламада. 

Жалпы өңірде 2018 жылдың 6 айында 12 мемлекеттік қызметшіге Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолданылса, 2017 жылдың осы кезеңінде 15 қызметші тәртіптік жазаға тартылған. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері 20 пайызға төмендеген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 30
Астана 24
Актау 24
Актобе 22
Атырау 25
Б
Балхаш 29
Ж
Жезказган 24
К
Караганда 22
Кокшетау 24
Костанай 29
Кызылорда 20
П
Павлодар 21
Петропавловск 21
С
Семей 29
Т
Талдыкорган 31
Тараз 33
Туркестан 26
У
Уральск 20
Усть-Каменогорск 32
Ш
Шымкент 24

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer