Бірнеше қылмыстық іс тіркелді - Тұрғымбаев Сәтбаевтағы жағдай туралы

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бірнеше қылмыстық іс тіркелді - Тұрғымбаев Сәтбаевтағы жағдай туралы Коллаж: © Tengrinews.kz

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаевтағы жағдай бақылауға алынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сәтбаевтағы жағдай бақылауға алынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"23 шілдеде кешкі сағат 9-да Сәтбаев қаласындағы ішкі істер басқармасына 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы арыз түсті. Жедел іздестіру нәтижесінде бүлдіршін қаладағы бір үйден табылды. Жас қызды зорлады деген күдікпен бір адам қамауға алынды", - деді ол онлайн брифингте.

Министр күдіктіні тұрғындар өздері жазаламақшы болғанын атап өтті.

"Бірақ бірнеше адам күдіктіні өз қолдарына беруді талап етіп, жанжал шығарды. Олар бұзақылық жасап, полицейлерге қарсылық танытты. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін қосымша полиция күштері тартылды, жағдай бақылауға алынды. Бұл жағдай бойынша бірнеше баппен қылмыстық іс тіркелді, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Елдегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер бар күшін жұмсайды", - деді Тұрғымбаев.

Сондай-ақ, ведомство басшысы қазақстандықтарды желідегі жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

"Әлеуметтік желі арқылы тарап жатқан жалған ақпараттарға сенбеңіздер және оны таратпаңыздар! Тек ресми ақпаратқа сеніңіздер! Ішкі істер министрлігі үнемі мониторинг жүргізіп, жағдайды бақылап отыр. Жалған, негізсіз ақпарат таратуға қатысты заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді министр.

Айта кетейік, Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыздың жоғалғаны, тұрғындар күдіктіні өздері жазаламақшы болғаны, әрі бірнеше көліктің өртенгені хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 20
Астана 14
Актау 17
Актобе 14
Атырау 18
Б
Балхаш 13
Ж
Жезказган 15
К
Караганда 14
Кокшетау 15
Костанай 15
Кызылорда 13
П
Павлодар 14
Петропавловск 13
С
Семей 20
Т
Талдыкорган 18
Тараз 19
Туркестан 14
У
Уральск 12
Усть-Каменогорск 22
Ш
Шымкент 17

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer