Бекшин балабақшалардың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бекшин балабақшалардың қалай жұмыс істейтінін түсіндірді Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин баланы бақшаға апарудың қазіргі тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин баланы бақшаға апарудың қазіргі тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір ата-аналарды "жұмысқа шықсақ, баламызды бақшаға қалай апарамыз" деген сұрақ мазалайды. Себебі талап пен ереже карантин шараларына қатысты күнде дерлік өзгеріп отыр. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, балабақшада арнайы кезекші топ ашылады және оған балалардың жартысы ғана келе алады.

"Әр балабақшада кезекті топ құрып жатырмыз. Әр топқа балалардың 50 пайызы келе алады. Осындай топтарды ашуға болады. Балабақшада әрбір топ оқшауланған. Сондықтан аурудың таралу мүмкіндігі төмен. Осындай талапты шығарып жатырмыз. Ол үшін біз дезинфекциялық-салаптарды күшейтіп жатырмыз. 15 минут сайын бөлменің ауасын тазартып, желдету керек. Күніне екі рет барлық ойыншықты, есіктің тұтқаларына дезинфекция жасау керек және балалардың төсек орындарының арасында 1 метр қашықтық сақталуы керек. Сондай-ақ, қарапайым, жалпы талаптарды сақтауға болады", - деді ол.

Қалалық бас санитардың айтуынша, жүкті әйелдерге, қарт адамдарға баланы бақшаға әкелуге тыйым салынады. Себебі олардың ауруды жұқтыру қаупі жоғары. Тәрбиешілер маска тағып, қолғап киюі керек.

"Осындай талаптармен балабақшаға қабылдаймыз. Балабақшаға қабылдауға қатысты әрбір ауданда арнайы топ құрылады. Онда білім басқармасының, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бөлім қызметкерлері бірлесіп, балабақшаларды қарап шығады. Балабақшалар тәртіпті біледі. Біз талаптарды орындай аламыз деген балабақшалар ашылып жатыр. Бірақ оларды тексеріп келеміз. Тексеріс кезінде талапқа сай болмаса, әкімшілік жауапқа тартылады не болмаса балабақша жабылады", - деді Бекшин.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты елімізде төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда карантин режимі сақталды. Белгілі бір аймақта карантин режимі кезең-кезеңімен жеңілдетіліп, кей саланың нысандары ашылып жатыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 23
Астана 16
Актау 19
Актобе 14
Атырау 17
Б
Балхаш 17
Ж
Жезказган 17
К
Караганда 16
Кокшетау 20
Костанай 19
Кызылорда 14
П
Павлодар 15
Петропавловск 15
С
Семей 19
Т
Талдыкорган 24
Тараз 22
Туркестан 15
У
Уральск 13
Усть-Каменогорск 26
Ш
Шымкент 16

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer