Басшылық "өз еркіңмен" жұмыстан шығу туралы арыз жазуға міндеттесе не істеу керек?

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Басшылық "өз еркіңмен" жұмыстан шығу туралы арыз жазуға міндеттесе не істеу керек? Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында Индира Патталова есімді мұғалім "Еуразия" бірінші арнасындағы танымал QosLike ток-шоуына қатысқаннан кейін жұмысынан шығуға мәжбүр болғанын мәлімдеді. 10 жылдық еңбек өтілі бар педагогтің айтуынша, мектеп директоры жобадан кейін екі-үш күн өткен соң өзіне шақырып, өз еркімен жұмыстан кетуін сұраған-мыс. Осы тұста Tengrinews.kz тілшісі адвокат Қадыржан Ғалымжанұлынан мұғалімдердің құқығы қай заңда қорғалғанын және басшылық жұмыстан шығаруды талап етсе, не істеу керегін сұрады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында Индира Патталова есімді мұғалім "Еуразия" бірінші арнасындағы танымал QosLike ток-шоуына қатысқаннан кейін жұмысынан шығуға мәжбүр болғанын мәлімдеді. 10 жылдық еңбек өтілі бар педагогтің айтуынша, мектеп директоры жобадан кейін екі-үш күн өткен соң өзіне шақырып, өз еркімен жұмыстан кетуін сұраған-мыс. Осы тұста Tengrinews.kz тілшісі адвокат Қадыржан Ғалымжанұлынан мұғалімдердің құқығы қай заңда қорғалғанын және басшылық жұмыстан шығаруды талап етсе, не істеу керегін сұрады. 

Адвокаттың айтуынша, мұғалімдер ҚР Еңбек кодексінің, Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы бұйрығында және Еңбек келісімшартының тәртіптерінде жазылған ережені бірнеше рет, дөрекі түрде бұзса, жұмыстан шығарылады.

Мұндай жағдайларды Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес шешеді. Кеңестің негізгі міндеті педагогикалық әдептің бұзылу мониторингі, профилактикасы және оның алдын алу, педагогтердің жауапкершілігі туралы мәселені дұрыс қарау үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объектив зерттеу.

"Мұғалімдер "жұмысшы" санатында болғандықтан, әдетте, ол кісілердің нақты құқықтары Еңбек келісімшартында жазылады. Бұл Еңбек кодексіндегі негізгі құқықтарды қоспағанда", - дейді Қадыржан Ғалымжанұлы.

Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы бұйрыққа сәйкес, педагогикалық әдептің негізгі қағидаттарына адалдық, әділдік, жеке тұлғаның абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу, патриотизм, жалпы адами құндылықтарды құрметтеу және төзімділік, кәсіби ынтымақтастық, үздіксіз кәсіби даму жатады. 

Маман басшылық жұмыстан шығуды талап етсе, не істеу керегін айтты.

"Қарсылық білдіріп, жоғарғы инстанцияларға шағым жазу керек. Мысалы, Еңбек инспекциясы мен сотқа", - деді ол.

Алайда өз еркімен жұмыстан шығу туралы арыз жазып қойғаннан кейін педагог шағымдана алмайтынын ескертті.

"Ал басшылық кінәсі дәлелденсе, тәжірибеде, жұмысшы қайта өз лауазымына, жұмыс орнына қайтарылып, оған қаржылай өтем жасалады", - деді Қадыржан Ғалымжанұлы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 29
Астана 24
Актау 23
Актобе 18
Атырау 20
Б
Балхаш 25
Ж
Жезказган 24
К
Караганда 21
Кокшетау 21
Костанай 29
Кызылорда 21
П
Павлодар 20
Петропавловск 19
С
Семей 26
Т
Талдыкорган 32
Тараз 30
Туркестан 21
У
Уральск 20
Усть-Каменогорск 31
Ш
Шымкент 22

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer