Бас мүфти мешітке келудің тәртібін түсіндірді

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бас мүфти мешітке келудің тәртібін түсіндірді Фото: ansar.ru

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантин кезінде мешітке келудің тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантин кезінде мешітке келудің тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"18 мамырда жеке құлшылық жасап, құран оқытып, неке қидыруға ниет білдерген азаматтар үшін мешіттерді ашамыз. Бұл еліміздегі барлық мешіттің есігі ашылады деген сөз емес. Өйткені әрбір облыстағы карантин жағдайы әртүрлі", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бас мүфти Қазақстанның бас санитар дәрігерінің кезең талаптарын сақтау бойынша қаулысына сүйенгенін айтты. 

"Мешітке 15 минутқа ғана кіруге рұқсат беріледі"

Ол жұқпалы індеттің қаупі толық сейілмегенін, карантин режимінің талаптарын қатаң сақтап, сақтық шараларына аса мән беру керегін жеткізді. Осы орайда Наурызбай қажы Тағанұлы мешітке келгендер мына талаптарды сақтауы қажет екенін айтты:

"Мешітке келуші барша жамағат медициналық маска, қолғап киіп келуге, антисептикті жиі қолдануға, жеке құлшылық жасау кезінде 1,5 метр арақашықтықты сақтауы қажет. Сондай-ақ, құран оқитын бөлмеге 1,5 арақашықтықты сақтай отырып, 10 адамнан артық кірмеуге, неке қидыратын бөлмеге 4 адамнан артық кірмеуге үндейміз. Мешіт имамдарының кеңесіне құлақ асып, мешітке лек-легімен кезекпен кіруге, мешітте 15 минуттан артық болмауға үндеймін. Бұл мешіт ауасын әр 3 сағат сайын таза ауамен алмастырып отыруға мүмкіндік береді", - деді бас мүфти.

"Қадір түнін үйде қарсы алу керек"

Ол биыл Қадір түні мамыр айының 20 мамырға қараған түнге сәйкес келіп отырғанын, тұрғындарға бұл түнді үйде қарсы алу керегін атап өтті.

"Мешіттер ашылғанмен тек олар тек таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 8-ге дейін ашық болады. Елімізде төтенше жағдай мерзімі аяқталғанмен жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 32
Астана 24
Актау 24
Актобе 20
Атырау 21
Б
Балхаш 27
Ж
Жезказган 24
К
Караганда 22
Кокшетау 24
Костанай 30
Кызылорда 22
П
Павлодар 22
Петропавловск 20
С
Семей 28
Т
Талдыкорган 32
Тараз 31
Туркестан 22
У
Уральск 20
Усть-Каменогорск 31
Ш
Шымкент 23

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer