Балаларға вакцина міндетті бола ма? Цой жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Балаларға вакцина міндетті бола ма? Цой жауап берді Pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларға вакцина салу ерікті түрде болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларға вакцина салу ерікті түрде болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрдің сөзінше, балалардың да вакцина салдыру құқығы болуы керек.

"Қазір тек ересектер екпе салдыра алады. Балаларға қанша уақытта вакцина салып бітіретінімізді айта алмаймыз, себебі ол ерікті түрде, тек ата-анасының келісімімен болады. Түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Қазір ата-аналар жиі хабарласып, баласына вакцина салдырғысы келетінін айтады. Өкінішке қарай, Қазақстанда ол вакциналар жоқ. Балаларға салуға ұсынылған вакцина болған кезде оны қамтамасыз етеміз. Елімізде 2 миллион бала бар, бұл жерде мәселе - қанша ата-ана баласына вакцина салдырғысы келетінінде", - деді Цой ОКҚ-дағы онлайн-брифингте. 

Журналистің "Бала мектепке баруы үшін міндетті вакцина болмай ма?" деген сұрағына Цой "Бәрі тек ерікті түрде, ата-анасының келісімімен болатынын" айтты.

Еске салайық, Алексей Цой бұған дейін Қазақстанда 12-18 жастағы балалар мен жасөспірімдерді Pfizer/BioNTech препаратымен вакциналау жоспары туралы айтқан болатын. 

"12 жастан бастап Pfizer вакцинасын қолдану ұсынылды. Біз 12 жастан асқандарды назарға алып отырмыз. Балалар жасына назар аудара отырып, олар вакцина салдыруға мүмкіндік алады. Тиісінше, азаматтар вакциналау керек пе, жоқ па - мұны өздері шешеді, бірақ біз вакцина алуға шақырамыз, өйткені вакцина көмектеседі. Өкінішке қарай, жаңа штамдар балаларға әсер етеді", - деген еді министр "Хабар 24" телеарнасында тікелей эфирде.

Ал жоғарыда аталған Pfizer вакцинасы елге жыл соңына қарай 2 миллион дозамен келуі мүмкін.

Айта кетейік, 2021 жылғы 22 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 5 054 970 адам, 2-компонентін 3 075 907 адам салдырды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 28
Астана 19
Актау 19
Актобе 15
Атырау 18
Б
Балхаш 18
Ж
Жезказган 19
К
Караганда 16
Кокшетау 19
Костанай 23
Кызылорда 18
П
Павлодар 17
Петропавловск 15
С
Семей 19
Т
Талдыкорган 26
Тараз 23
Туркестан 17
У
Уральск 14
Усть-Каменогорск 29
Ш
Шымкент 17

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer