18 жастағы арыстық жігіт жарылыс кезінде 80 бүлдіршінді құтқарған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
18 жастағы арыстық жігіт жарылыс кезінде 80 бүлдіршінді құтқарған Асқар Әбдіқалық

24 маусымда Арыста жойқын жарылыс болды. ІІМ ТЖК өкілдері әскери бөлім территориясында қоймада жарылыс болып, артынша өрт шыққанын мәлімдеген. Куәгерлерлердің сөзінше, олар жарылыс басталысымен құжаттары мен заттарын үйінде тастап, қаша жөнелген. Сол уақытта ата-анасынан адасып қалған балалар туралы мәлімет әлеуметтік желі арқылы таралды. Оны куәгерлер мен ата-аналар растады. Бірақ 25 маусымда Арыста эвакуация кезінде жоғалған барлық бала табылып, кейін ата-аналарына тапсырылғанын ішкі істер министрі мәлімдеген еді. Сонымен қатар әлеуметтік желіде Арыстың 18 жастағы тұрғыны Асқар Әбдіқалық жарылыс кезінде көлігімен балабақшаға барып 80 бүлдіршінді құтқарғаны жайлы хабар тараған. Желі қолданушылары Асқардың іс-әрекетін қызу талқылап, оны нағыз батыр деді. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

24 маусымда Арыста жойқын жарылыс болды. ІІМ ТЖК өкілдері әскери бөлім территориясында қоймада жарылыс болып, артынша өрт шыққанын мәлімдеген. Куәгерлерлердің сөзінше, олар жарылыс басталысымен құжаттары мен заттарын үйінде тастап, қаша жөнелген. Сол уақытта ата-анасынан адасып қалған балалар туралы мәлімет әлеуметтік желі арқылы таралды. Оны куәгерлер мен ата-аналар растады. Бірақ 25 маусымда Арыста эвакуация кезінде жоғалған барлық бала табылып, кейін ата-аналарына тапсырылғанын ішкі істер министрі мәлімдеген еді. Сонымен қатар әлеуметтік желіде Арыстың 18 жастағы тұрғыны Асқар Әбдіқалық жарылыс кезінде көлігімен балабақшаға барып 80 бүлдіршінді құтқарғаны жайлы хабар тараған. Желі қолданушылары Асқардың іс-әрекетін қызу талқылап, оны нағыз батыр деді. 

Tengrinews.kz тілшісіне Асқар Әбдіқалық оқиғаның мән-жайын баяндап берді. 

Асқар Әбдіқалық - Түркістан облысы Арыс қаласында дүниеге келген. Ол колледжде тіс дәрігері мамандығында оқып жатыр. Жігіт бір ай бұрын Арыстағы балабақшаға жүргізуші болып жұмысқа кірген. Оның сөзінше, жарылыс аяқ-астынан болып, тұрғындарды есеңгіретіп тастаған.


Асқар Әбдіқалық

Мен 24 маусым күні таңғы уақытта балаларды көлікпен балабақшаға жеткіздім. Осыдан кейін таңғы сағат 9 шамасында жарылысты естідім. Жарылыстың әсерінен үй дірілдей бастады. Жарылыстың жойқын екенін сезіндік. Сол күні менің інім мен қарындасым балабақшаға бармаған еді. Мен туыстарыма көлікке отырып кете беріңдер дедім, ал өзім жолаушылар таситын "ГАЗель" көлігіме отырып, балабақша жаққа қарай тарттым. Ол жерге шамамен 3 минутта жеттім.

Сөйтіп болып жатқан апыр-топырға қарамастан балаларды көлікке отырғыза бастадық. Маған балабақшада жұмыс істейтін екі тәрбиеші көмектесті. Бүлдіршіндерді көлікке отырғызып жатқанда, басқа ештеңені ойлауға мүмкіндік болмады. Тек балаларды аман алып қалу деген ой тұрды. Біз оларды құтқарып жатқанда ғимарат шатырының бір бөлігі құлай бастады.


Асқар Әбдіқалық құтқарған балалар ата-анасымен қауышты

Негізі көлік 15 адамға отыруға арналған. Шамамыз келгенше барлық бүлдіршінді көліктің ішіне сыйғызуға тырыстық. Олар да әбден шошып қалған. Мен балабақшаның ішін түгел қарап шықтым. Мүмкін бір-екі бала қалып қойған шығар деген ой болды. Ешкімнің қалмағанына көз жеткізгеннен кейін ғана көлікке отырып, темір тұлпарды барынша жылдам жүргізіп, Арыстан шығуға тырыстым. Қаладан шығу қиынға соқты, себебі жолда кептеліс пайда болды. Жарылыс болып жатқан кезде, көліктің артқы жағы дірілдеді және жан-жаққа теңселе бастады. Жексенбі күні көлікке жанармайды толтырып құйғаным да дұрыс болды. Егер де оны толтырмағанда жағдай мүлдем басқаша болуы мүмкін еді.


Асқар Әбдіқалық құтқарған балалар 

Арыстан біршама алыстағаннан кейін балаларды көліктен түсіріп, оларға су бердік. Жолда 10-ға жуық баланы ата-аналарына тапсырдық. Қалған шамамен 70 баланы қауіпсіз жерге апаруды ұйғардық. Сөйтіп Шардараға қарай жол тарттық. Жолда көлікпен кетіп бара жатып, тұрғындардың әуре-сарсаңға салынғанын көрдім. Арыста туғаннан бері тұрып жатырмын, осының алдында да жарылыстар болған, бірақ соңғы жарылыс сұмдық. 

Сондықтан осындай жарылыс кезінде қорқыныш болмады емес, болды. Бірақ балаларды аман алып қалу деген ой, одан да күштірек еді. Байқағаным жарылыс кезінде ата-аналар балаларын ұмыт қалдырып жатты. Аяқ астынан басталып кеткен жарылыс тұрғындарды қатты қорқытып жіберді.

Біз Шардараға жеткеннен кейін ұялы телефон арқылы барлық баланың ата-анасына хабарлама жібердік. Сондай-ақ балалардың тамақ ішіп, ойнап жатқандарын да суретке түсірдік те оны да ана-аналарына ұялы телефон арқылы тараттық. Бүлдіршіндердің ата-аналары алғысын білдіріп, көз жасын төгіп балаларын алып кетіп жатты. Жарылыстан кейін ертесіне кешке дейін балалардың көбін ата-аналары Шардарадан алып кетті. Тек 5 бала біздің қарауымызда қалған еді. Оларды Шымкентке апарып, ата-аналарының қолына табыстадық. Сөйтіп барлық баланы отбасымен қауыштырғаннан кейін ғана демалдым. Меніңше, менің орнымда болған кез келген адам осылай істер еді.


Асқар Әбдіқалық құтқарған балалар ата-анасымен қауышты

Айта кетейін, негізінде жарылыс күшті болғаны соншалық Арыстағы барлық үйдің терезесі сынған. Жарылыс кезінде барлық тұрғын Арыстан қашуды ұйғарды. Жарылыс адамдарды есеңгіретіп жіберді. Олар не істерін білмей қалды. Тек 28-і күні арыстықтармен бірге үйімізге оралдық. Қазіргі уақытта біз үйімізді, есік алдымызды жайғастырып жатырмыз.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 31
Астана 27
Актау 24
Актобе 22
Атырау 24
Б
Балхаш 31
Ж
Жезказган 25
К
Караганда 23
Кокшетау 26
Костанай 31
Кызылорда 22
П
Павлодар 23
Петропавловск 22
С
Семей 31
Т
Талдыкорган 33
Тараз 34
Туркестан 26
У
Уральск 23
Усть-Каменогорск 35
Ш
Шымкент 24

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer