Маман баспананы жылдың қай мезгілінде сатып алу керек екенін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Маман баспананы жылдың қай мезгілінде сатып алу керек екенін айтты © Tengrinews.kz

Сарапшылар қазақстандықтарға баспана алу кезінде түрлі факторларға назар аударуға кеңес береді. Мысалы, үйді қай уақытта сатып алған тиімді, әдетте қай кезеңдерде баспана арзандайды немесе қымбаттайды? Бұл туралы толығырақ Tengrinews.kz тілшісіне экономист Шолпан Әмірбаева айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сарапшылар қазақстандықтарға баспана алу кезінде түрлі факторларға назар аударуға кеңес береді. Мысалы, үйді қай уақытта сатып алған тиімді, әдетте қай кезеңдерде баспана арзандайды немесе қымбаттайды? Бұл туралы толығырақ Tengrinews.kz тілшісіне экономист Шолпан Әмірбаева айтып берді.

Әмірбаева тұрғын үй саудасы ең қызатын тұс наурыз бен шілде айлары екенін айтады. 

"Соңғы 2-3 жылдағы статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың баспанаға деген сұранысы наурыз бен шілде айында жоғары болады. Әсіресе, наурыз айында. Себебі көктемде пәтер алу әлдеқайда тиімді. Бірақ бұл тек қайталама нарықтағы пәтерлерге қатысты. Ал жаңа салынған үйлерден пәтерді тиімді бағаға алғысы келетіндерге күзге дейін күте тұруға келеді", - дейді сарапшы. 

Мұның себебі, оның айтуынша, жаңа салынған үйлердегі пәтерлерді күзде, күздің соңына қарай алған тиімді. Өйткені ол кезде үй салған мердігер компаниялар жаңа үйлерді саудаға шығарады да, оған дейін салынған үйлердің бағасын төмендетеді.

Ал тұрғын үй саудасының "жүрмейтін кезеңі", маманның айтуынша, қаңтар мен ақпан айлары.

"Қаңтарда сауда-саттық көбейген емес. Себебі жаңа жылдан соң ешкім үйін сатылымға шығармайды және ешкімнен сұраныс болмайды. Қаңтар, ақпаннан кейін ғана тұрғын үй саудасы тіріліп, баға да жоғарылайтынын айта кету керек. Дегенмен, наурыз бен шілде айлары сатып алушылар үшін тиімді болса да, баға тұрақсыз өзгеріп отырады. Сондықтан нарықты бақылап отыру керек. Мысалы, наурызда баға шарықтап, шілдеде керісінше баға төмендеп кетуі мүмкін", - дейді Шолпан Әмірбаева.

Сондай-ақ, сарапшы соңғы күндері елдегі доллар бағамының тұрақсыз екенін айта отырып, қазақстандықтарға алдағы 1-2 айда сауда-саттық жасамауға кеңес берді.

"Доллар бағамының бүгінде құбылмалы болуына байланысты сатып алушылар қазір ұтылып қалуы мүмкін. Себебі қазір барлық жылжымайтын мүлік теңгемен сатылады. Мұнда мұқият болған жөн. Сондықтан 1-2 ай уақыт нарықты бақылап, тәуекелге бармаған жөн", - деп кеңес берді сарапшы.

Оқи отырыңыз:

Баспаналы болудың тиімді жолы қайсы - Жер алып, үй салу немесе ипотекаға пәтер

Кепілде тұрған пәтерді сатып алудың қандай қауіптері бар

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 19
Астана 12
Актау 19
Актобе 13
Атырау 15
Б
Балхаш 17
Ж
Жезказган 13
К
Караганда 14
Кокшетау 20
Костанай 19
Кызылорда 10
П
Павлодар 14
Петропавловск 9
С
Семей 10
Т
Талдыкорган 21
Тараз 17
Туркестан 16
У
Уральск 6
Усть-Каменогорск 24
Ш
Шымкент 14

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer