Ипотеканы қалай тез әрі тиімді жабуға болады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ипотеканы қалай тез әрі тиімді жабуға болады © pixabay.com

Статистикаға сүйенсек, елімізде ипотека алушылар көбейген. Сарапшылар қазақстандықтардың бір жылда ипотекалық қарызы 1,49 триллион теңгеге жеткенін айтады. Бірнеше жылға алған ипотекасын жақын арада жапқысы келетін қазақстандықтар ай сайын төлемді барынша көбірек жасауға тырысады. Бірақ бұл тиімді ме? Төлемді көбейткен дұрыс па әлде мерзімді қысқартқан дұрыс па? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына ипотекалық несиелендірумен айналысатын маман Лаура Жолшыбаева жауап берді.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Статистикаға сүйенсек, елімізде ипотека алушылар көбейген. Сарапшылар қазақстандықтардың бір жылда ипотекалық қарызы 1,49 триллион теңгеге жеткенін айтады. Бірнеше жылға алған ипотекасын жақын арада жапқысы келетін қазақстандықтар ай сайын төлемді барынша көбірек жасауға тырысады. Бірақ бұл тиімді ме? Төлемді көбейткен дұрыс па әлде мерзімді қысқартқан дұрыс па? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына ипотекалық несиелендірумен айналысатын маман Лаура Жолшыбаева жауап берді.

Жолшыбаева ипотекамен баспаналы болғысы келетіндерге бірінші кезекте барынша көбірек ақша жинауға кеңес береді. Айтуынша, алғашқы жарна неғұрлым көп болса, қарызды төлеу соғұрлым оңай болады.

"Алғашқы жарнаға көбірек ақша жинау қажет. Мүмкіндік болып жатса, 1-2 жыл болсын ақша жинап, баспана алуды кейінге қалдыра тұрған жөн. Себебі басты жарнаға көбірек ақша керек болады. Қарызға 5 миллион теңге емес, 2 миллион теңге алған оңайырақ. Сондықтан шотта біраз қаражат болса, ұтымдырақ. Сондай-ақ, бірден үлкен пәтер алып, қарызға батпауға кеңес беремін. Бастапқыда кішігірім пәтерді ипотекаға алуға болады. Оның шығыны да аса көп болмайды. Ипотека мерзімі де ондаған жылға созылмайды. Пәтердің қарызы өтеліп, кейін оны сатып, басқа пәтер алуға болады. Бұл өте тиімді нұсқа", - дейді маман.

Сондай-ақ, Жолшыбаева пәтер иелері тек қолма-қол ақшаға алатындарға ғана бағаны түсіреді деген қате пікір қалыптасқанын айтады. 

"Әдетте үй иелері бағаны кем дегенде 200 000 теңгеге түсіреді. Дегенмен қолда ақша болмаса, жеңілдік қарастырылмайды деген сөз емес. Көбі онсыз да қарызға алып жатқандықтан, пәтердің бағасын арзандатпайды деп ойлайды. 50 000 теңгеге болсын түсіріп, қарыз сомасын азайтуға болады. Әйтпесе ол 50 000 теңгенің пайызын сіз банкке бірнеше жыл бойы қайтарасыз", - дейді ол.

Сондай-ақ, маман ипотеканы тез әрі тиімді жабудың жолы ай сайынғы төлемді қолдан келгенше көбірек төлеу екенін айтады.

"Әрине, баспананы қарызға алған адамдардың барлығында артық ақша бола бермейді. Бірақ мүмкіндік болса, ай сайынғы төлемді көбейтіп отырған жөн. Мысалы, сіз ай сайын 80 000 теңге төліп отырсаңыз, ол төлемді 120 - 130 000 теңгеге көбейтсеңіз, ипотеканың пайызы да азаяды. Бірақ ипотеканы мерзімінен бұрын төлеудің өз артықшылығы мен кемшілігі бар екенін ескеру керек. Мерзімінен бұрын төлеудің алдында елдегі қаржы жағдайына және қарыздың қай валютамен алынуы сияқты және ол валюта құнсызданбай ма - осы факторларға назар аудару керек. Инфляция болу қаупі байқалса, мерзімінен бұрын төлем жасасаңыз, сіз еш ұтпайсыз", - деп кеңес берді Жолшыбаева.

Сондай-ақ, маман банк алдындағы берешек үлкен болмаса, ақшалай кредит алып, ипотеканы жабуға кеңес береді.

Оқи отырыңыз:

Ипотеканы қайта қаржыландыру үшін банкті қалай таңдау керек - Экономист кеңестері

Ипотека төлеуге ақша жоқ. Баспанадан айырылып қалмаудың жолдары

Ипотекаға алған пәтерді жалға беруге бола ма - Маман жауабы

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 31
Астана 25
Актау 24
Актобе 21
Атырау 23
Б
Балхаш 30
Ж
Жезказган 25
К
Караганда 22
Кокшетау 24
Костанай 31
Кызылорда 22
П
Павлодар 25
Петропавловск 22
С
Семей 29
Т
Талдыкорган 32
Тараз 33
Туркестан 24
У
Уральск 22
Усть-Каменогорск 33
Ш
Шымкент 23

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer