Блогер баспана алуға болатын үш үздік бағдарламаны атады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Блогер баспана алуға болатын үш үздік бағдарламаны атады Иллюстрациялық фото: Әлихан Сариев

Қазақстанда биыл баспанаға қатысты бірқатар бағдарлама жабылды. Көбіне таныс 7-20-25 бағдарламасын 2022 жылы қаржыландыру тоқтатылады. Баспана туралы жазатын блогер Дәулет Төлеутайұлы Tengrinews.kz тілшісіне еліміздегі үздік үш бағдарламаны атады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда биыл баспанаға қатысты бірқатар бағдарлама жабылды. Көбіне таныс 7-20-25 бағдарламасын 2022 жылы қаржыландыру тоқтатылады. Баспана туралы жазатын блогер Дәулет Төлеутайұлы Tengrinews.kz тілшісіне еліміздегі үздік үш бағдарламаны атады. 

"Үй алу десе, бірінші "Отбасы банк", кейін 7-20-25 бағдарламасы еске түседі. Одан бөлек, екінші деңгейлі банктердің стандарт бағдарламалары бар. "Орда" ипотекасы 1 қазаннан бастап өтінім қабылдауды тоқтатты. Себебі бөлінген қаражат игерілді деген ақпарат тарады. "Баспана хит" те тоқтады", - деді ол.

Келесі жылы 7-20-25 бағдарламасы да жабылады.  

"Жеңілдетілген несие беру бағдарламаларын қаржыландыру, ҚЗЭ ("Қарапайым заттар экономикасы". - еск.), "Баспана Хит" 2021 жылы аяқталады, ал 2022 жылы "7-20-25" бағдарламасын қаржыландыру аяқталады", - деген еді Биыл мамырда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мадина Әбілқасымова Қаржы нарығы көшбасшыларының жыл сайынғы VIII саммитінде сөйлеген сөзінде.

Фото:elements.envato.com

Ал блогер елімізде үй сатып алғысы келіп жүргендерге арнап үздік үш бағдарламаны атады.

"Бірінші кезекте "Отбасы банк", екінші орынға 7-20-25 бағдарламасын қояр едім. Үшінші орында - Freedom Finance Bank-тің цифрлы ипотекасы. Қалған бағдарламаларда пайыз мөлшері 13-тен жоғары. 25 пайызға дейін баратын ипотекалар бар", - деді ол. 

Дәулет Төлеутайұлының айтуынша, қазіргі уақытта ең ыңғайлысы - артық төлем аз шығуы үшін баспананың 50 пайызын жинау.

"Отбасы банкте" үш жыл бойы бағалау көрсеткішін 16-дан асырса, артық төлем аз болады. Бірақ үш жыл бойы ешкім жинамайды, ол кезге дейін кім бар, кім жоқ деп жүреді. Сөйтіп, он жыл бойы пәтер жалдап жүретіндер бар. Мұнда ақша жинап, үй аламын деген мақсат болуы керек", - дейді ол.

Фото:elements.envato.com

Одан бөлек 7-20-25 бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама ипотекаға бірінші нарықтағы тұрғын үйді 25 жылға дейінгі мерзімге 20 пайыздық бастапқы жарнамен жылдық 7 пайызбен сатып алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өтінім берушінің атында үй болмауы және ипотекалық қарызы болмауы қажет. 

"7-20-25 бағдарламасы ұнайды. Өте жақсы бағдарламалардың бірі. Егер нарықта жаңа үй табылып тұрса, пайызынан шошуға болмайды. Бірақ 7-20-25 бағдарламасы бойынша ескеретін бір жайт, үкіметтен қолдау ретінде 1 триллион теңге бөлінген. Оның 500 миллиарды игеріліп қойды, енді 500 миллиарды қалды. Бұл сома келесі жылы бітсе, 7-20-25 те "Баспана хит" секілді жабылады. Әйтпесе, бұл елімізде құрылыс нарығын жандандырған бағдарламалардың бірі", - деді блогер. 

©Tengrinews.kz фотоколлажы 

Сонымен қатар, Дәулет Төлеутайұлы атаған үшінші бағдарлама - Freedom Finance Bank ипотекасы. Ол 13 пайызбен 3-тен 15 жылға дейін беріледі. Бастапқы жарнасы - 20 пайыз. Өтінім 21-ден 63 жас арасындағылардан қабылданады. Ал көпқабатты үйден пәтер аламын десеңіз, ол 1965 жылдан кейін салынған болуы қажет және пәтер көлемі 29 шаршы метрден асуы керек. 

Фото:elements.envato.com

Бүгінде блогер айтқан бағдарламалардан бөлек, тағы бірнешеуі бар. Бірақ олардың көбі белгілі бір мамандыққа беріледі не белгілі бір мерзімде өтеді. 

"Акция сияқты белгілі бір мерзімге шығатын түрлі бағдарлама бар: "Бақытты отбасы", "Әскери баспана", "Өз үйім", "Шаңырақ", одан қалды "Нұрлы жердің" конкурстық үйлері дегендей. Осындай бағдарлама көп, бірақ түбінде бастапқы жарнасы 10 пайызбен немесе 50 пайызбен беріледі. Бәрі бірдей. Соның бәрін жинақтайтын бір-екі бағдарлама ғана болса екен деймін. Өйткені, шынымен, халықтың түсінбейтін тұсы бар. Түрлі бағдарлама шыққаннан кейін сенбейтіндер болады", - дейді ол. 

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Блогер үй іздеп, банк аралап жүрген тұрғындарға кеңесін берді. Қазіргі жағдайда халық қаржылық сауатын арттыруы маңызды екенін айтады. 

"Банкке барғанда бір нәрсе біліп бару керек" деп айтамын. Әр адам қаржылық сауатын арттырса екен деймін. Одан кейін келісімшарт дегенге жітік мән беру керек. Өйткені қол қойғаннан кейін әр адам жауапкершілікті өз мойнына алады. Біз оны оқымаймыз, үй берсе, келісім келсе болды дейміз де, бірнеше бет қағазға қол қоя береміз. Кейін бір кілтипаны шықса, келісімшартты сол кезде ғана оқи бастаймыз", - деп қорытындылады ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 19
Астана 12
Актау 19
Актобе 13
Атырау 15
Б
Балхаш 17
Ж
Жезказган 13
К
Караганда 14
Кокшетау 20
Костанай 19
Кызылорда 10
П
Павлодар 14
Петропавловск 9
С
Семей 10
Т
Талдыкорган 21
Тараз 17
Туркестан 16
У
Уральск 6
Усть-Каменогорск 24
Ш
Шымкент 14

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer