Қазақстандықтар желіде Абай өлеңдерін оқу флешмобын бастады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қазақстандықтар желіде Абай өлеңдерін оқу флешмобын бастады

Instagram және Facebook желілерінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқу науқаны басталды. Бұл challenge-ді желі қолданушылары таратып жатыр. Challenge #abai175 хештегімен белгіленген. Қазіргі уақытта Instagram желісінде бұл науқан бойынша 160-тан аса жарияланым бар.  

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Instagram және Facebook желілерінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқу науқаны басталды. Бұл challenge-ді желі қолданушылары таратып жатыр. Challenge #abai175 хештегімен белгіленген. Қазіргі уақытта Instagram желісінде бұл науқан бойынша 160-тан аса жарияланым бар.  

Бұл challenge-ді бастаған Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Шынар Шәкенова Tengrinews.kz тілшісіне науқан жайлы айтып берді. Ол таратуға мүмкіндік беретін ресурс ретінде осы әлеуметтік желіні пайдалануды ұйғарыпты. Оның айтуынша, challenge-дің көбі осы әлеуметтік желі арқылы кең таралады. 

"Абай қазақ руханиятының басты тұлғасы. Оның шығармасы қазақ жерінде жылдан жылға мұра болып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп қана қоймай, әлем тілдеріне аударылып, ғаламға тарады. Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы Абайдың 175 жылдығын бүкіл республика бойынша атап өту туралы қаулыға қол қойды. Бұл қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық. Себебі, Абай әр қазақтың сүйікті ақыны. Ол менің де сүйікті ақыным. Ұлы тұлғаның өлеңдері мен шығармаларын білмейтін қазақ жоқ шығар. Әрқайсыңыз Абайдың кем дегенде бір өлеңін жатқа білесіздер. Сондықтан, Абайды дәріптеп, шығарамасынан бір үзінді оқитын challenge бастаймын. Кім менімен бірге? #Abai175", - деп жазған Шынар Шәкенова желі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Абай қазақтың руханиятының басты тұлғасы. Оның шығармасы қазақ жерінде жылдан жылға мұра болып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп қана қоймай, әлем тілдеріне аударылып, ғаламға тарады. Кеше Президент Қ. Тоқаев ұлы Абайдың 175 жылдығын бүткіл республика бойынша атап өту туралы қаулыға қол қойды. Бұл қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық. Себебі, Абай әр қазақтың сүйікті ақыны. Ол менің де сүйікті ақыным. Ұлы тұлғаның өлеңдері мен шығармаларын білмейтін қазақ жоқ шығар. Әрқайсыларыңыз кем дегенде Абайдың бір өлеңін жатқа білесіздер. Сондықтан, Абайды дәріптеп, шығарамасынан бір үзінді оқитын, challenge бастаймын. Кім менімен бірге? @guldana_talgatkyzy @zhanareldoskyzy @jadyra_jumakulbay @aigul_nurkeyeva @bauyrzhankaziyev @mira_moldakhmetova #Абай #ABAI175 #Abai175 #abaı175

Публикация от Shynar Shaken (@shakenshynar)

Қазіргі уақытта challenge-ді жалғастырушылар күннен-күнге артып келеді. Олардың ішінде оқушылар, түрлі қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері және танымал адамдар да бар. Астана Опера театрының жетекші әншісі Сүндет Байғожин де бұл науқанға қатысып, Абайдың "Көзімнің қарасын" айтып берді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

#abai175

Публикация от Сундет Байгожин (@sundetbaigozhin)

Challenge-ге атсалысқан кейбір желі қолданушылары Абайдың өлеңдерін басқа да стильде айтып берген. Мысалы "Желсіз түнде жарық ай" өлеңін Sam Myrza атты музыкант жаңа форматта орындаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Абай Ертiс жағасында болып қайтты ???? ⠀ #Abai175

Публикация от ???????????????????? ???????????????????????????? (@ertisaqparat)

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы заңға қол қойған. Оның алдында Президент 2019 жылғы 1 қазанға дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды бекітуді тапсырған еді.

"Біз тарихтан үлгі алатын және ұлы ата-бабаларымызға құрмет көрсететін халықпыз. Абайдың отаны әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді қарсы алуға лайықты ірі орталыққа айналуы тиіс. Бұл біздің ата-бабаларымыз алдындағы борышымыз және өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі", - деді Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына барған кезде.

Айта кетейік, Alash Media Group холдингі мен ERG компаниясы бірлесіп "Бірге оқимыз" атты жаңа арнайы жобасын бастаған еді. Бұл жоба аясында түрлі туындыларды оқуға дайын эстрада, кино және телевизия жұлдыздарының қатысуымен теле- және радиобағдарламалар шығады. "Бірге оқимыз" жобасының негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру.

"Бірге оқимыз" арнайы жобасы ERG компаниясының қолдауымен өткізіліп жатыр. Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірге "Талантты балалар", "Жеңімпаздар", "Батырлар арамызда" жобалары қолға алынған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 537.77  course up  628.15  course up  6.6  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 23
Астана 16
Актау 19
Актобе 14
Атырау 17
Б
Балхаш 17
Ж
Жезказган 17
К
Караганда 16
Кокшетау 20
Костанай 19
Кызылорда 14
П
Павлодар 15
Петропавловск 15
С
Семей 19
Т
Талдыкорган 24
Тараз 22
Туркестан 15
У
Уральск 13
Усть-Каменогорск 26
Ш
Шымкент 16

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer